---
title: "«Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысында семинар өткізілді"
description: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір Қазақстандықтың азаматтық п..."
author: "finpolukopress"
published: "2015-12-07T22:17:17+00:00"
modified: "2015-12-07T22:17:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-beru-mekemelerinde-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-ta-yrybynda-o-t-stik-aza-stan-oblysynda-semin-666221"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-beru-mekemelerinde-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-ta-yrybynda-o-t-stik-aza-stan-oblysynda-semin-666221/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысында семинар өткізілді

> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір Қазақстандықтың азаматтық п...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір Қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек, шыншылдық және сатылмаушылық қағидатын ұстануы қажет. Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Яғни, ерте бастан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік індет екенін жеткізу, бұл жамандық атаулыны түбімен жоюға өз септігін тигізеді.

Осыған орай, 2015 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы № 7 мектеп-гимназиясында «Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизмге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу, сондай-ақ бүкіл қоғамды қатыстыра отырып ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру болып табылады. Тек қана мемлекетпен қоғамның тығыз байланысы ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мектептің басшылығымен, мұғалімдерімен, ата-аналар комитетінің өкілдерімен әңгімелесу жүргізілді.

Іс-шарада білім саласы бойынша Департамент қызметшілері, білім саласын бақылау және қадағалау бойынша Департамент өкілдері, қоғам қайраткерлері сөз алды. ОҚО қоғамдық медиация комитетінің төрағасы С. Жарқынбек, ОҚО қоғамдық қорының өкілі Ж. Абишев білім алып жатқан жасөспірімдерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта мектептің ұстаздар қауымы өз ойларымен бөлісті. Қорытындылай келе азаматтардың өздерінің заңды мүдделерін іске асыру барысында құқықтық сауаттылығының төмендігі себепті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа алып келетіндігін жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilim-beru-mekemelerinde-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-ta-yrybynda-o-t-stik-aza-stan-oblysynda-semin-666221](https://yvision.kz/kk/post/bilim-beru-mekemelerinde-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-ta-yrybynda-o-t-stik-aza-stan-oblysynda-semin-666221)