---
title: "Білім беру мекемелері жемқорлыққа қарсы оқытуды қолға алды"
description: "Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мамандар..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-22T05:40:01+00:00"
modified: "2015-09-22T05:40:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-beru-mekemeleri-zhem-orly-a-arsy-o-ytudy-ol-a-aldy-545576"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-beru-mekemeleri-zhem-orly-a-arsy-o-ytudy-ol-a-aldy-545576/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Білім беру мекемелері жемқорлыққа қарсы оқытуды қолға алды

> Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мамандар...

![Білім беру мекемелері жемқорлыққа қарсы оқытуды қолға алды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/BdIKI1y8BlS9hx21Edma5ajdU52AED.jpg)

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мамандарының қатысуымен, жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша Петропавл қаласы № 2 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына арналған ашық сабақ өткізілді.

![Білім беру мекемелері жемқорлыққа қарсы оқытуды қолға алды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/NuHgCsGLo6I8QYm2GEi4G5YKOQ33ll.jpg)

Интерактивті түрде өрбіген сабақ аясында, оқушылар «жемқорлық» түсінігінің мағынасын ашып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды талқылады.

Айта кететін болсақ, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, оқу орындарында ашық сабақ өткізудің типтік жоспарын әзірлеген және өңіріміздің барлық білім мемелеріне жолдаған болатын.

![Білім беру мекемелері жемқорлыққа қарсы оқытуды қолға алды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/XyEjI8eTvGjBZL50Qsc9t14WuMzN81.jpg)

2015-2016 оқу жылында аталған сабақтармен, Солтүстік Қазақстан облысындағы 534 жалпы білім беру мектебінің 8-11 сынып оқушыларын және 27 колледждің студенттерін қамту жоспарланған.

![Білім беру мекемелері жемқорлыққа қарсы оқытуды қолға алды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/EB6BNPAL3R23T75N55z5694h058f5U.jpg)

Бұған қоса, 2015-2016 оқу жылының басталуымен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы оқыту, білім беру ұйымдарының тәрбие жоспарларына енгізілгендігін атап өткен жөн.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilim-beru-mekemeleri-zhem-orly-a-arsy-o-ytudy-ol-a-aldy-545576](https://yvision.kz/kk/post/bilim-beru-mekemeleri-zhem-orly-a-arsy-o-ytudy-ol-a-aldy-545576)