---
title: "Білім аясында блог қолданысы..."
description: "Уикипедиядағы ақпарат бойынша: Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі..."
author: "nurbol_teacher"
published: "2015-03-04T06:59:14+00:00"
modified: "2015-03-04T06:59:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-ayasynda-blog-oldanysy-478139"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-ayasynda-blog-oldanysy-478139/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Білім аясында блог қолданысы...

> Уикипедиядағы ақпарат бойынша: Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі...

Уикипедиядағы ақпарат бойынша: **Блог** ([ағылш.](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%93%D1%8B%D0%BB%D1%88%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96) *blog*, *we**b log*** дегеннен, «[желі](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B5%D1%82) журналы не оқиға күнделігі») — үнемі ақпаратпен толықтырылатын қысқа жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын мәнді мағлұматы бар торап.

[http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3)

Жазушылар блогтарда лезде өзін қызықтыратын тақырып бойынша онлайн ақпарат беріп, аудитория жинап, блогын оқитын адамдармен кері байланыс құрып, пікір алмаса алады. Сол себепті білім аясында өте пайдалы ресурс болып табылады.

**Неге блог жазу пайдалы құрал болып табылады?**

Блоггинг жазушылар мен респонденттердің ойлау, аналитикалық және коммуникациялық дағдыларын дамытуға баулиды. Кейбір сипаттамаларының ерекшілігі үшін тамаша оқу әдістемелік құрал болып табылады.

- **Блогтар қысқаша болып табылады.** Қазіргі оқырмандар ұзақ, ретсіз трактаттарды оқығысы келмегендіктен, блогтар қысқаша болып келеді. Сондықтан оқушылар «Қысқа да Нұсқа» етіп жазуды үйренеді.

- **Әрекет тез орындалады.** Оқушылар «Жіберу» түймешігін баса салысымен, бірден онлайн түрде жария етіледі. Бұл оларға «бір жобаны жүзеге асырдым-ау» деген сезім береді. Кері байланысты да тез арада алуына мүмкіншілік бар.

- **Көрнекіліктер қызығушылықты тудырады.** Мағыналы және қызығушылық тудыратындай болуы үшін оқушылар сурет, бейне және дыбыс қосулары мүмкін. Сонымен қатар, қосымша ақпаратпен қамтамасыз ету немесе идеяларды байланыстыру үшін басқа сайттарға сілтеме жасауға болады.

- **Оқушылар бір-бірінің ісіне жауапкершілікпен қарауға тырысады.** Оқушылар әріптестерінің жазған ойларының мән-мағынасын түсінуге тырысып, пікірлерін жазады. Мұғалімдер оқушыларына тақырып және жоспар береді. Осылайша оқырмандар аналитикалық қабілеттерін дамытады, ал жазушылар жақсы жазушы болуға үйренеді.

- **Дәлелдемелер мәңгі сақталады.** Блогтар онлайн режимде сақталады және оқушының жазу, ойлау және коммуникативті қабілеттерінің портфолиосы ретінде қалады. Блогтағы мәліметтер кері хронологиялық ретпен тұрады, сондықтан ең соңғы жазылғаны бірінші болып тұрады.

Сонымен қатар, мұғалім дүние жүзі бойынша басқа әріптестерінің блогтарын оқып, тәжірибе алмасуына немесе пайдалы ақпарат алуына болады. Байқасаңыз, блогты көбінесе гуманитарлық сабақтарда қолданған тиімді.

**Блогты қалай бастауға болады?**

Осы блогтың соңында кейбір вебсайттарға сілтеме жасаймын. Қалай болғанда да, атап айтқанда, ол вебсайттар тегін, бірақ қолдану үшін тіркелуіңіз керек. Әрине, берілген мысалдардан тек өзіңізге ұнаған біреуін таңдайсыз, олардын басқа өте жақсы вебсайттар бар, біздің мақсатымыз тек айту...))) Тіркелу үшін өзіңіздің электронды поштаңыз болуы керек. Егер сұрақтарыңыз болса, осы беттің астында комментарий бөліміне сұрақтарыңызды қоя беруіңізге болады.

**Блогқа пікір жазудың 5 ережесі**

Біреуді сынау әрине қиынға соқпас, оған пікір қалдыруу үшін тек блогын оқып, пікіріңізді және атыңызды жазып, «Жіберу» түймешегін басасыз. Алайда дұрыс және пайдалы болуы үшін біраз тәжірибе керек:
- Блог-посты мұқият оқыңыз.

- Оның күшті (жақсы) және әлсіз жерлерін қарастырыңыз.

- Күшті (жақсы) жақтарынан бастаңыз.

- Сіздің айтарыңыз болса айтыңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.

- Егер айтатын сыныңыз бар болса, сыпайы түрде жеткізгеніңіз абзал (сындарлы сын пайдалы болады, тек жаман жағын көрсетпей, қалай дұрыстауға болатыны туралы ұсыныс айтыңыз).

[www.yvision.kz](http://www.yvision.kz/)[www.blogger.com](http://www.blogger.com/)[www.wordpress.com](http://www.wordpress.com/)[www.edublogs.org](http://www.edublogs.org/)

Web 2.0 How to for Educators by Gwen Solomon and Lynne Schrum, second edition, Washington 2014

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilim-ayasynda-blog-oldanysy-478139](https://yvision.kz/kk/post/bilim-ayasynda-blog-oldanysy-478139)