---
title: "Білім артық болмайды"
description: "12 және 13 қарашада Білім гранттары бағдарламасының департаменті «БОТА» ҚҚ барлық үш қабылданымның..."
author: "Ainel_BOTA"
published: "2011-11-17T22:18:02+00:00"
modified: "2011-11-17T22:18:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-arty-bolmaydy-206909"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilim-arty-bolmaydy-206909/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Білім артық болмайды

> 12 және 13 қарашада Білім гранттары бағдарламасының департаменті «БОТА» ҚҚ барлық үш қабылданымның...

***12 және 13 қарашада Білім гранттары бағдарламасының департаменті «БОТА» ҚҚ барлық үш қабылданымның шәкіртақы алушылары үшін тренингтер ұйымдастырды. Тренингтер IREX-пен бірлесе отырып жасалған болатын, және ол түрлі курстар студенттерінің қажеттіліктерін ескереді, сондықтан мазмұны бойынша да әртүрлі болды. ******Назгүл Ізбасарованың жаңалығы.***

![Білім артық болмайды](http://www.bota.kz/kz/uploads/4ec4897cf0c3f.jpg)

Дәстүр бойынша, студенттерді оқу үдерісінен үзбеу мақсатында тренингтерді өткізу уақыты ретінде демалыс күндер таңдалған болатын. Бірінші курс студенттері «Қоғамдық жұмыс» тақырыбындағы семинар шеңберінде сабақ алды, бұл семинар еріктілік жұмысының маңызы, «БОТА» Қорының БГБ қоятын талаптары, уақытты басқару және тиімді коммуникациялар сияқты мәселелерді қамтыды. Семинарға арнайы Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасының (ӘҚҚБ) грант алушылары болып табылатын КЕҰ өкілдері шақырылған болатын, олар өздерінің жобалары, мақсаттары және қоғамға жасап отырған ықпалы жайлы әңгімеледі.

Екінші және үшінші курс студентттеріне «Мақсат қою және қаржылық басқару» тренингі ұсынылды, бұл тренинг мақсаты болып жастарға жеке бюджет құрауды, қолындағы бар қаржыны ең тиімді тәсілмен басқаруды, белгілі бір уақыт кезеңіне мақсат қоюды және өз мақсаттарына жету үшін әрекеттер жоспарын құруды үйрету табылады.

Жалпы алғанда, мұндай семинарлар шәкіртақы алушыларға БГБ қызметкерлеріне өздерін қызықтырып отырған сұрақтарын қойып қана қоймай, сонымен қатар өзара достық қарым-қатынас орнатуға да мүмкіндік туғызды. Тренингтер өз мәресіне жеткеннен кейін студенттерге алған білімдерін растайтын сертификат табысталды, бұлл сертификаттар оларға алдағы уақытта да, жұмысқа орналасуда да көмегін тигізбек.

*** ***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilim-arty-bolmaydy-206909](https://yvision.kz/kk/post/bilim-arty-bolmaydy-206909)