---
title: "Біліктілікті арттыруға барлық жағдай жасалған"
description: "▪︎Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бой..."
author: "aza1130230"
published: "2023-01-25T01:55:25+00:00"
modified: "2023-01-25T13:53:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/biliktilikti-arttyru-a-barly-zha-day-zhasal-an-982939"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/biliktilikti-arttyru-a-barly-zha-day-zhasal-an-982939/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Біліктілікті арттыруға барлық жағдай жасалған

> ▪︎Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бой...

▪︎Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалы 2023 жылы мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағытындағы жұмысын бастады.

▪︎Ағымдағы жылы Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарында 600 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған (қайта даярлау-103, біліктілігін арттырудан-497).

▪︎Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмешілер үшін «Жобалық басқару», «Бизнес-процесстік тәсіл», «Адамға бағдарланған мемлекет» т.б. тақырыптар бойынша қосымша біліктілігін арттыру курстарына өткізу үшін көшпелі семинарлар жүргізіледі

▪︎Сондай-ақ, оқыту барысында облыстың белгілі азаматтарын, қоғам белсенділерін және басшылық лауазымдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілерді тарта отырып «Қонақ дәрістері» өткізіледі.

▪︎Қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – қосымша кәсіби білім алуға арналған оқу курстары және біліктілігін арттыру – олардың құзыретін жетілдіруге арналған оқыту семинарлары. Осыған орай, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырудан өтуі тиіс. Қайта даярлаудан мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер өтеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Агентство РК по делам госслужбы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/biliktilikti-arttyru-a-barly-zha-day-zhasal-an-982939](https://yvision.kz/kk/post/biliktilikti-arttyru-a-barly-zha-day-zhasal-an-982939)