---
title: "Биліктің қуыршағы!"
description: "-За последний месяц в отношении меня опубликовано 24 заказных материала в казахстанских и российских..."
author: "berik2022"
published: "2022-11-17T02:54:36+00:00"
modified: "2022-11-17T14:23:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilikti-uyrsha-y-978899"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilikti-uyrsha-y-978899/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Биліктің қуыршағы!

> -За последний месяц в отношении меня опубликовано 24 заказных материала в казахстанских и российских...

-За последний месяц в отношении меня опубликовано 24 заказных материала в казахстанских и российских СМИ, соцсетях (8 статей, 16 видеороликов). Это, конечно, рекорд. Раньше в месяц выходило 2-3 материала!

Ақталды ма, мақтанды ма өзіне аян. Бұрынғы шенеунік бастамашыл топ құрды. Оны әділетке тіркетем деді. Сөйтті де, бірінші кезеңнен өтіп болғасын бетпердесін сыпырды. Тіркетпейді екен. Оған біресе жиынға келмеген халық кінәлі, біресе оның аяғынан шалған Әділет министрлігі кінәлі. Өзі әйтеуір “судан ақ, сүттен таза” Жалпы біреулер оппозиционер, біреулер саясаткер, енді біреулер турашыл деген Боқаевтың бойында түлкі бұлаң жетерлік. Алматының ішкі саясатында отырғанда әділетті ұстанған жиырма бір БАҚ ты жапты. Мемлекеттік қызметтен кете сала өзі ақиқатшыл болып шыға келді. Ақиқатты айтады екенсің, олардың обалына атаңның басына қалдың ба? деп айтатын бір жан табылмапты бұған. Табылса, тағы да кімді кінәлар еді дейміз ғой әлгі. Бойында от бар бұл жігітті Дариға Назарбаеваның ақшасы бұзды. Соның қаржыландыруымен ала тайдай бүлінді. Көлігі көп. Тайота камри 70, Ланд Крузер 200, Тесла Модел s2014. Дәл осы көлік әкесінің атында. Бұған қарамастан елдің көңілін аударуға машықтанған ол:

- он бес жылдан бері туған әкемді таппай жатырмын, өлісін де тірісін де білмей келемін,-дейді де, әлдекімдердің қастандығының құрбаны болуы мүмкін деп болжайды. СТОП! Мейірімді елдің жүрегіне төте жол тапты. Бір емес екі сүрлеу! Аңқау ел алдымен мүсіркейді мұны, қайғысына ортақтасады. Одан кейін онсыз да жек көретін билік пен байшкештерге кіжінеді. Боқаевтің әкесін өлтірді деп. Талай нәзік көңілге “Әкемді тиісті дәрежеде жерлей де алмадым” деп өксік тықты. Ашық манипулияция жасап тұр. Оны көретін көз болса. Қаншама көлік, Астананың қақ ортасында үйі бола тұра, өзінің қарапайымдылығын там тұмдап алға тартып қояды. Қандай қарапайымдылық бұда тұнып тұрған? Экс президенттің қызының сойылын соғып, шотын шауып жүрсе? Сөйтіп жүргенінде айтқанымыздай “власть меняется” Боқаев қулықтың желкенін шалт бұрды. Өзіне заказ маткериалдарды жазғызып жатқандардың бірі Назарбаев болуы мүмкін деді. Сөйтті де тик токта Болат Назарбаев қатты науқас, елге әкеліп емдетейік, туған жерінде болуға құқығы бар деді. Ал Дариға Назарбаевтың қызының өзіне қатысы жоқ екенін соңғы кезде ашық айтып жүр. Сонда қалай? Сан құбылғаны қай сасқаны?

“Свадьба в Малиновке” фильмі есіңе түседі екен осындайда. Санжар осы екі әрекетімен ақ біресе папахасын, біресе фуражкасын ауыстырып киетін “опять власть меняется” дейтін кейіпкердің құдды өзі екенін көрсетті.Жалпы бұл Назарбаевтар династиясына қатысы жоқ екенін тамағы жыртыла айғайлағанымен сену қиын. Себебі бақ қарап, қыдыр дарыған адамның өзі еңбек жолын төменнен бастап, өсуі мүмкін. Бұл бірден президент әкімшілігінен бастады.

Санжар Боқаев еңбек жолын ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері лауазымынан бастады. Қалай деймін ғой. Мойындау керек, посттарына қарап отырсаң, Боқаев елді тез баурап алатын қасиетімен бірге аналитиканы жақсы жасайды. Тақырыптың төбесінен тура түседі. Сылдыр сөзден гөрі деректерге көбірек сүйенеді. Посттарынан байқалып тұр. Елдің көкейіндегісін дөп басады. Сонысымен танымал. Сонысымен әйгілі. Сонысымен қалаулы. Еліміздегі өзге оппозицияшылдардың алдыңғы шебінде тұрғаны да сол шығар. Шетелдің бақылап шулап тұрып жазатыны да сондықтан болар. Шетел демекші Санжардың өзі де біледі мұны. Айтады да. Бұл жолда да ол өз ізін қалыптастыра білді. Мәселен Қырғызстанда тіркелген “Баштама” қоғамдық қорын алайық. Сол елдің президентіне үгіт насихат жасау деңгейіне дейін жеткен. Ол елде дүмпу болғасын жалған рейтинг жасаған Санжар Боқаев қалды жайына. Бакиев беларуссияға қашып кетті. Осыдан кейін елімізде екінші кезеңнен өткелі тұрған “намыс” партиясын қалай лақтырса, бишкектен ашқалы тұрған “ар намыс” қозғалысын да солай тоқтатып тастай салды. Намысы бар жігіт осылайша намысын екі рет жалдады. Оған керегі салиқалы саяси арена емес, улығын шулығынның ортасында жүретін жеңіл желпі бастамашыл топ қана деген ойды қалыптастырды көп ортасында. Украинаға көмек қаржыны аударуда да бұл жігіттің аты былыққа батып барып тоқтады. Қазақ ұлтшылдары гуманитарлық көмекті “жеп кетті” деген атақ әперді. Бәрін қойшы, политолог күндердің күнінде өзін өндірісшілмін деп шықты. Кәсіпкерлік жолында да оңған оспан болмады. Бірлескен кәсіпкерлер тобымен олигархтарды лақтырып елді дүр сілкіндіргені аздай, рейдерлік әрекетпен де көзге түсті. Сөйте тұра жемқорлықты жоюшы күрескер ретінде де өзін таныта білді. Боқаевтың білгені қанша болса, оның құйтырқы ойынынан біздің білмегеніміз сонша. Жақында ол бас киімін тағы ауыстырды. Партия құру туралы райынан кейін мұның желі халық жағынан тұра ма, билік жағына бұра ма деп салмақтап жатқан тұста бір мәлімдемесін салқ еткізді.

“1. Мен Тоқаевқа қарсы емеспін. Мен оның Назарбаев сияқты болып кетуіне қарсымын.

Мен Жаңа Қазақстанға қарсы емеспін. Мен азаматтардың Жаңа Қазақстан туралы ертегілерге алдануына қарсымын.

Мен мемлекетке қарсы емеспін. Мен мемлекеттің атынан әрекет ететін ұры шенеуніктерге қарсымын.

Мен сайлауға қарсы емеспін. Мен сайлау деген спектакльдерге қарсымын.

Мен оппозиционер емеспін. Тек менің ұстанымым биліктің пікірімен сәйкес келмейді». Бұл “Намыс” партиясын құрушы Санжар Боқаев бұл мәлімдемесімен тик ток және фейсбук әлеуметтік желісінде бөлісті. Қолында папаха ма, әлде фуражка ма әзірге болжап білу қиындау. Парақшасында өзі жазғандай “просто ответственный гражданин своей страны” кімнің қолтығының астына кірмекші екен енді? Біз бұдан билікте жүргенде де, кәсіпкерлік саласын игергенде де, отанда да, шетелде де, саясатта да жауапкершілігінің жетімсіздігін байқадық. Жетілсе қайда бармақшы?…

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilikti-uyrsha-y-978899](https://yvision.kz/kk/post/bilikti-uyrsha-y-978899)