---
title: "«Білгірлер бәйгесі». 16 топ үздік шықты"
description: "«Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінен шығатын «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды бағдарламасының..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-20T09:28:00+00:00"
modified: "2015-07-03T06:21:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilgirler-b-ygesi-16-top-zdik-shy-ty-516463"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bilgirler-b-ygesi-16-top-zdik-shy-ty-516463/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Білгірлер бәйгесі». 16 топ үздік шықты

> «Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінен шығатын «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды бағдарламасының...

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінен шығатын «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды бағдарламасының екінші айналымға шыққан 16 тобы белгілі болды. Рахман Омар жүргізетін бұл жобаға тапқыр, көңілді, тату отбасылар қатысып, бағы мен бабын ортаға салған болатын.

![«Білгірлер бәйгесі». 16 топ үздік шықты](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/3809e45c0maCs2oq06vvj63Yf864pC.png)

«Білгірлер бәйгесі» зияткерлік шоуы басталғалы бері бірнеше топ сайысқа түсіп, өзара бақ сынасты. Олар тек білімдерін ғана емес, тапқырлық пен талант жағынан қандай деңгейде екендіктерін көрсетіп, жұрт алдына шықты.

Айта кетейік, хабарға еліміздің әр аймағынан 30 әулет қатысты. Барлық топ арасында 15 іріктеу ойыны өтіп, жеңімпаз 15 топ екінші айналымға жолдама алды.

Ал, жеңілген 15 топтың ішінен ұпай саны ең жоғары топ іріктеліп алынады. Сонымен, екінші айналымда 16 топ сегіз ойын өткізеді.

Жеңімпаз 8 топқа ширек финалға жолдама беріледі. Бұл айналымда жеңіске жеткен 4 топ жартылай финалда сайысады.

Жартылай финалдың нәтижесі бойынша жеңімпаз екі топ ақтық сынға өтеді. Финалда жеңіске жеткен отбасы бас жүлдеге ие болады.

Әр сенбі сайын 13:30-да эфирге шығатын бағдарламаны жіберіп алған көрермен дүйсенбі күні 13:25 қайталау көре алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bilgirler-b-ygesi-16-top-zdik-shy-ty-516463](https://yvision.kz/kk/post/bilgirler-b-ygesi-16-top-zdik-shy-ty-516463)