---
title: "Білдірмес..."
description: "Аласа бойы, әдеміше келген әлпеті, (әдеміше деп ер балаға да айта берем) \"сыры\" мен көп жақты құбылы..."
author: "avrora_bum"
published: "2014-03-05T23:35:23+00:00"
modified: "2014-03-05T23:35:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bildirmes-404028"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bildirmes-404028/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Білдірмес...

> Аласа бойы, әдеміше келген әлпеті, (әдеміше деп ер балаға да айта берем) "сыры" мен көп жақты құбылы...

Аласа бойы, әдеміше келген әлпеті, (әдеміше деп ер балаға да айта берем) "сыры" мен көп жақты құбылыстарға толы қыры бұл кісінің тұла бойындағы қасиеттерінің бір ғана көрінісі, ия тек бір. Нақ осы адамның мінезін мен әлі түсіне қоймадым-ау сірә?!Бәлкім ұғуға тырыспаймын да. Бәлкім өзін көруге көзім жүгірмейді, не кездескен кез аз биыл. Кей кез жүзін аңдасам, бейне бала шағы шерден арылмағандай, қанша оның аузынан бұ күнгі жақсы тұрмысы жайлы жылы сөз естісем де, төзім мен сезімге тұншығып жүргенін көріп қала берем. Көргім келмейді, әттең.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bildirmes-404028](https://yvision.kz/kk/post/bildirmes-404028)