---
title: "Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті"
description: "Ассалаумағалейкум жамағат! Бүгін досым Ерлан екеуміз Бейнеудегі Бекет ата мешітіне барып, бет сипап ..."
author: "ardakkatarbayev"
published: "2013-06-04T09:14:01+00:00"
modified: "2016-04-12T06:40:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/beyneudegi-beket-ata-zher-asty-meshiti-356042"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/beyneudegi-beket-ata-zher-asty-meshiti-356042/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті

> Ассалаумағалейкум жамағат! Бүгін досым Ерлан екеуміз Бейнеудегі Бекет ата мешітіне барып, бет сипап ...

Ассалаумағалейкум жамағат! Бүгін досым Ерлан екеуміз Бейнеудегі Бекет ата мешітіне барып, бет сипап келдік. Мен ол жерді жұмақ дер ем, ауасы сондай таза бір қасиетті мекен. Осы ауылда өмірден өткендерді де апарып қоятын мәңгілік мекен де сонда... Фоторепортаж.

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/6VFjqU7r0oVTQaOAYc0o1W9r1aTwqH.jpg)

Бейнеуден 18 шақырым Ақтау қаласы бағытына қарай шыққанда кездесетін Арқары бар Керуен сарай - бұл Бекет ата мешітінің қақпасы.

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/V32X9lpFFrkNP09Pg09RT5SR6srvGr.jpg)

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/mNjwyXak6fi1y8ZsN7R427Mr2CKz35.jpg)

Мешіттің сыртқы көрінісі осы. Сыртқы екі есік бар, үстіңгі жағы қауым. Демалыс күндері мұнда адам өте көп болады, жексенбілер құдайы ас, садақалар беріледі. Бергі жағында түнейтін түнеуханасы мен асханасы да салынған.

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/f65w41v9dLGnByGEfcrIzA5VY23pOi.jpg)

Мешіттің бағынан павлинді көрдік, қасына барып ұзақ тамашаладық, бейне бір жұмақ құсындай....

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/0kKZnnMXP0t8FxPtixZ303T0G15Rp9.jpg)

Суретке түсіріп жатырғанын сезгендей, ару құс ажарлана түсті...

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/lddRvW7pH2IG6QuFn6cGeYu6yJ89H2.jpg)

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/DpKTn2dhxTbecYS1MjDjT7QPJ6O1U8.jpg)

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/I1fEPnqVu92y4R046XwhLqXyCG6pVz.jpg)

Мешітке түсерде Әбіш Кекілбайұлының сөздерімен әрленген сәулет ескерткішінің тасы тұр.

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/jKuFDI7U49drWQ46uvl7uDh50VJf6f.jpg)

Әлсізге медет, Күштіге айбар, Зарыққанға жебеу, Тарыққанға демеу, Асқанға тосқан, Сасқанға сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа ұран, Ел Иесі, Жер Киесі Пір Бекет атаның Бейнеудегі жер асты мешіті осы. Осы елдің ауруына шипа, сеніміне иман таратып тұрған қасиетті мекен!

![Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті](https://storage.yvision.kz/images/user/ardakkatarbayev/A885j4v1kN8wtmj8M9Fdj6qm2W4LJ2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/beyneudegi-beket-ata-zher-asty-meshiti-356042](https://yvision.kz/kk/post/beyneudegi-beket-ata-zher-asty-meshiti-356042)