---
title: "Бейнебақылау камераларының көмегімен автокөліктердің магнитолаларын қолды қылып жүрген азамат ұсталды"
description: "Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары Жаппасбай..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-09-13T00:09:16+00:00"
modified: "2017-09-13T00:09:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/beyneba-ylau-kameralaryny-k-megimen-avtok-likterdi-magnitolalaryn-oldy-ylyp-zh-rgen-azamat-staldy-778634"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/beyneba-ylau-kameralaryny-k-megimen-avtok-likterdi-magnitolalaryn-oldy-ylyp-zh-rgen-azamat-staldy-778634/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бейнебақылау камераларының көмегімен автокөліктердің магнитолаларын қолды қылып жүрген азамат ұсталды

> Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары Жаппасбай...

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан бейнебақылау камераларының көмегімен аумақты шолу барысында автокөліктің магнитоласын ұрлап бара жатқан бір азаматты байқайды. Жедел түрде оқиға орнына «Боран» экипажы жіберіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 1987 жылы туылған тұрғыны ұсталады. Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-терсерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен тіркеліп, тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Атап өтерлік жайт, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 97 қылмыстың беті ашылып, 22 686 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 20 248-і жол қозғалысы ережесінің талаптарын бұзу деректері болып табылады. Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатындағы заң талаптарын орындамау деректері бойынша, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабын (ұсақ бұзақылық) бұзудың 1314 дерегі, ӘҚБтК-нің 440-бабын бұзудың (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 859 дерегі, ӘҚБтК-нің 449-бабын бұзудың (қоғамдық орындарда тиісу) 9 дерегі анықталды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/beyneba-ylau-kameralaryny-k-megimen-avtok-likterdi-magnitolalaryn-oldy-ylyp-zh-rgen-azamat-staldy-778634](https://yvision.kz/kk/post/beyneba-ylau-kameralaryny-k-megimen-avtok-likterdi-magnitolalaryn-oldy-ylyp-zh-rgen-azamat-staldy-778634)