---
title: "Бэйл: «Менің арманым орындалды»"
description: "Гарет Бэйл «Сантьяго Бернабеуде» салтанатты түрде танысу кешін өткізді. Алаңға жиналған жанкүйерлер..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-03T09:13:06+00:00"
modified: "2013-09-03T09:13:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/beyl-meni-armanym-oryndaldy-372244"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/beyl-meni-armanym-oryndaldy-372244/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бэйл: «Менің арманым орындалды»

> Гарет Бэйл «Сантьяго Бернабеуде» салтанатты түрде танысу кешін өткізді. Алаңға жиналған жанкүйерлер...

[!\[Бэйл: «Менің арманым орындалды»\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo-2-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo-2.jpg)

Гарет Бэйл «Сантьяго Бернабеуде» салтанатты түрде танысу кешін өткізді. Алаңға жиналған жанкүйерлер жартылай қорғаушының «Реал» сапын толықтырғанына бек қуанышты.

«Тоттенхэм» командасынан ауысып келген Гарет Бэйл өткен маусымда ағылшын премьер-лигасының үздік футболшысы атанған болатын. Жартылай қорғаушының «корольдік клубта» [медициналық тексеруден](http://massaget.kz/sport/zhanalyktar/13022)өткенін осыған дейін хабарлаған едік. Енді валийлік футболшының таныстыру кеші де сәтті аяқталды. Өз кезегінде Гарет Бэйл:
- Мен бақыттымын, менің арманым орындалды! Мен «корольдік клубқа» оныншы рет Чемпиондар Лигасын жеңуіне өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Спорттық мансабымның үлкен дәуірі енді басталғандай. Аз-кем испан тілінде айтар болсам: Осылай жылы қарсы алғандарыңызға рақмет! Алға Мадрид! Үлкен рақмет!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/beyl-meni-armanym-oryndaldy-372244](https://yvision.kz/kk/post/beyl-meni-armanym-oryndaldy-372244)