---
title: "Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен жеңіліс тапты"
description: "Вашингтонда WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақта суперчемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов пе..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-20T23:45:28+00:00"
modified: "2014-04-20T23:45:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-bernard-hopkinsten-zhe-ilis-tapty-410472"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-bernard-hopkinsten-zhe-ilis-tapty-410472/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен жеңіліс тапты

> Вашингтонда WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақта суперчемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов пе...

[!\[Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен жеңіліс тапты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140420121903-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140420121903.jpg)

Вашингтонда WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақта суперчемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов пен осы салмақта IBF нұсқасының чемпионы америкалық Бернард Хопкинстің жекпе-жегі өтті. Бұл кездесуде америкалық спортшының мерейі үстем болды, деп хабарлайды sports.kz.

Қарсыластар 12 раунд бойы күш сынасты. 11-ші раундта Хопкинс қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберді. Төреші Эрл Браун есеп ашты, алайда Бейбіт бірден орнынан тұрды. Нәтижесінде төрешілер америкалық спортшыны жекпе-жектің жеңімпазы деп атады.

Кәсіпқой рингте 55-ші рет жеңіске жеткен Бернард Хопкинс Әлем бойынша бокс тарихындағы жасы бойынша ең үлкен чемпион болып танылды. Айта кетейік, Хопкинстің жасы 49-ға келді.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-bernard-hopkinsten-zhe-ilis-tapty-410472](https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-bernard-hopkinsten-zhe-ilis-tapty-410472)