---
title: "Бейбіт Шүменов қарсылас таппай жүр"
description: "WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чем­пионы Бейбіт Шүменов өзіне қар­сы­ла..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-16T22:45:29+00:00"
modified: "2013-06-16T22:45:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-arsylas-tappay-zh-r-357873"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-arsylas-tappay-zh-r-357873/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бейбіт Шүменов қарсылас таппай жүр

> WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чем­пионы Бейбіт Шүменов өзіне қар­сы­ла...

[!\[Бейбіт Шүменов қарсылас таппай жүр\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-15-300x200.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-15.jpg)

 

WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чем­пионы Бейбіт Шүменов өзіне қар­сы­лас таппай жүр. Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шү­ме­новтің кәсіпқой шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне бір жыл­дан асып кетті.

WBA тұжырымының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чем­пионы Бейбіт Шүменов өзіне қар­сы­лас таппай жүр.

Бұл туралы Boxingscene сайтына сілтеме жасаған Қазақстан боксының«Вконтактедегі» желісі хабарлады.

Мәселен, Шүменовпен кезде­су­ден қашқақтап жүргендердің бірі WBO тұжырымының әлем чемпионы ұлыбританиялық Натан Клеверли екен.

– Өзінің сұхбаттарында әрдайым мен туралы айта бергеннен кейін Кле­вер­лимен жекпе-жек өткізбек болып хабарласқанбыз. Олардың про­моу­тер­лері де Клеверлидің менімен жұдырықтасқысы келетіндіктерін ашық айтты. Бірақ кейін Бернард Хоп­кинспен жұдырықтасуды жөн көріп, біздің ұсынысымызды қабылдамады. Алайда Хопкинс бұл кезде басқа бокс­шымен келісіп қойған екен. Соны білдік те, Клеверлимен қайта хабар­ласқан едік, ізім-қайым жоқ болып кетті. Егер шаршы алаңда жолығар бол­сақ, қуана жұдырықтасар едім, – депті Шүменов аталмыш сайтқа бер­ген сұхбатында.

Сондай-ақ жерлесімізбен жекпе-жекке шығудан америкалық боксшы Чед Доусон да бас тартқан көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шү­ме­новтің кәсіпқой шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне бір жыл­дан асып кетті.

Соңғы рет өткен жыл­дың 2 маусымында рингке көте­ріл­ген қандасымыз мексикалық Энрике Орнеласты жеңген болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-arsylas-tappay-zh-r-357873](https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-arsylas-tappay-zh-r-357873)