---
title: "Бейбіт Шүменов АҚШ-та рух беретін қазақша ән тыңдап жаттығуда"
description: "Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) 2017 жылдың ақпан айында кубалық Юниер До..."
author: "kzsport"
published: "2016-12-26T14:53:10+00:00"
modified: "2016-12-26T15:16:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-a-sh-ta-ruh-beretin-aza-sha-n-ty-dap-zhatty-uda-741651"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-a-sh-ta-ruh-beretin-aza-sha-n-ty-dap-zhatty-uda-741651/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бейбіт Шүменов АҚШ-та рух беретін қазақша ән тыңдап жаттығуда

> Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) 2017 жылдың ақпан айында кубалық Юниер До...

Қазақстандық кәсіпқой боксшы **Бейбіт Шүменов** (17-2, 11 КО) 2017 жылдың ақпан айында кубалық **Юниер Дортикоспен** (21-0, 20 КО) жұдырықтасады.

![Бейбіт Шүменов АҚШ-та рух беретін қазақша ән тыңдап жаттығуда](https://storage.yvision.kz/images/user/kzsport/If5Wzc6X9Pa4RsWSG9r41wK5p8w36R.jpg)

![Бейбіт Шүменов АҚШ-та рух беретін қазақша ән тыңдап жаттығуда](https://storage.yvision.kz/images/user/kzsport/E98pc0F7exFlzCOKLZz3RA4mJ5UwJN.jpg)

Әзірге жекпе-жек өтетін орын мен уақыты нақты айтылмады. Дегенмен отандасымыздың дайындығы қазір тас-түйін. Күніне жаттықтырушымен бірге 2-3 мезгіл жаттығып жүр. Соңғы кездері Бейбіт өзінің инстаграмындағы парақшасына жаттығуының түрлі видеоларын жүктеп, жанкүйерлерін өзінің дайындығынан хабардар етуде.

![Бейбіт Шүменов АҚШ-та рух беретін қазақша ән тыңдап жаттығуда](https://storage.yvision.kz/images/user/kzsport/65n612njvC4kg8MVdJxZS6BpeojUf8.jpg)

АҚШ-та тұрып, сол елде дайындалып жүрген Бейбіт жаттығу барысында отандық әншілердің рух беретін әндерін тыңдайды.

"Сіздің дайындығыңызды қарсыласыңыз көріп, зерттейді деп уайымдамайсыз ба?" - деген жанкүйер сұрағына Бейбіт: "Ол оған бәрібір көмектеспейді" - деп жауап берді. Бұл сөзі Бейбіттің дайындығы мен сенімділігі жоғары деңгейде екенін аңғартады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-a-sh-ta-ruh-beretin-aza-sha-n-ty-dap-zhatty-uda-741651](https://yvision.kz/kk/post/beybit-sh-menov-a-sh-ta-ruh-beretin-aza-sha-n-ty-dap-zhatty-uda-741651)