---
title: "Бетперде тағу туралы маңызды сұрақтарға жауаптар"
description: "Бетперде тағу туралы маңызды сұрақтарға жауаптарКімдерге таза ауада бетперде тақпауға рұқсат етіледі..."
author: "zhanaozen.nurotan.kz"
published: "2020-12-05T06:21:21+00:00"
modified: "2020-12-05T06:21:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/betperde-ta-u-turaly-ma-yzdy-s-ra-tar-a-zhauaptar-885292"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/betperde-ta-u-turaly-ma-yzdy-s-ra-tar-a-zhauaptar-885292/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бетперде тағу туралы маңызды сұрақтарға жауаптар

> Бетперде тағу туралы маңызды сұрақтарға жауаптарКімдерге таза ауада бетперде тақпауға рұқсат етіледі...

![Бетперде тағу туралы маңызды сұрақтарға жауаптар](https://storage.yvision.kz/images/user/443456/fbbc8f8b60f4a870aa61e11ddde1c4.jpg)

Бетперде тағу туралы маңызды сұрақтарға жауаптар

Кімдерге таза ауада бетперде тақпауға рұқсат етіледі? 5 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарға ашық ауада бетперде тақпауға рұқсат етіледі.

Көлікте бетперде тағу міндет пе? Қоғамдық көлікте (автобус, пойыз, ұшақ, кеме немесе такси) бетперде тағу міндет. Жеке көлікте қажет емес. Бір отбасы мүшелеріне тақпауға болады. Бірақ бетперде вирус жұқтыру қаупін 30%-ға төмендететінін көрсететін ғылыми негіздемеге сүйенсек, тағып отырған жөн.

Аулада серуендеу кезінде ата-аналар мен балалар бетперде тағу керек пе? Жеке тұрған жер үйдің ауласында қажет емес. Ал көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында бетперде тағу міндеттеледі. Сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балалар мен әлеуметтік ара қашықтықты сақтаған бір отбасы мүшелеріне тақпауға рұқсат етіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/betperde-ta-u-turaly-ma-yzdy-s-ra-tar-a-zhauaptar-885292](https://yvision.kz/kk/post/betperde-ta-u-turaly-ma-yzdy-s-ra-tar-a-zhauaptar-885292)