---
title: "Бесік жыры 2, «Әлди, әлди бөпешім»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Колыбельная «Белгісіз» Бейнематериал авторы – Балапан..."
author: "Aikosmuz"
published: "2016-02-24T01:43:55+00:00"
modified: "2016-02-24T01:43:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/besik-zhyry-2-ldi-ldi-b-peshim-680153"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/besik-zhyry-2-ldi-ldi-b-peshim-680153/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бесік жыры 2, «Әлди, әлди бөпешім»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Колыбельная «Белгісіз» Бейнематериал авторы – Балапан...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Колыбельная «Белгісіз»**

**Бейнематериал авторы – Балапан телеарнасы «Айжұлдыз»**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

 
 
 

Өміріме, нұр берген,

Гүл жайнатып, тербеткен.

Бақ нұрымен, төгілген,

Тәй – тәй басып, жүгірген.

 

Әлдилетіп, ән айтып,

Қараймын мен, сүйсіне.

Күнде, барады қайтып,

Ұйықтаймын деп, үйіне.

 

Аспандағы жұлдыздар,

Тек жымиып, тұрғандай.

Соған қарап, ойыншықтар,

Шаршап, ұйықтап жатқандай.

 

Әлди – әлди, бөпешім,

Еркелетіп, иіскейін.

Ұйықтай қойшы, көкешім,

Өскеніңді көрейін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/besik-zhyry-2-ldi-ldi-b-peshim-680153](https://yvision.kz/kk/post/besik-zhyry-2-ldi-ldi-b-peshim-680153)