---
title: "«Бесік – ұлт тәрбиесінің айнасы»"
description: "Адамзат тарихындағы қоғамның алдында тұратын ұлы мұрат міндеттердің бірі – өзінің ісін, өмірін жалғ..."
author: "usergoogle116469152542065155725"
published: "2020-07-10T10:39:50+00:00"
modified: "2020-07-10T10:45:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/besik-lt-t-rbiesini-aynasy-861067"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/besik-lt-t-rbiesini-aynasy-861067/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бесік – ұлт тәрбиесінің айнасы»

> Адамзат тарихындағы қоғамның алдында тұратын ұлы мұрат міндеттердің бірі – өзінің ісін, өмірін жалғ...

Адамзат тарихындағы қоғамның алдында тұратын ұлы мұрат міндеттердің бірі – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осы тұста көшпелі қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне орасан зор көңіл бөлгені белгілі. Жаңа туған нәрестенің өміріндегі алғашқы дәстүр ол бесікке бөлеу, сондықтан да қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой топшылаған.

Бүгінгі заманның ағымана қарай дәстүрлі бесік, яғни бесікке бөлеу салты артта қалыс қалып баражатқан көрінеді. Оған себеп, жас ата-аналар нәреслеріне соңғы үлгідегі жатын төсектерін, бесік арбаларды алуды әлде қайда тиімді деп есептейді.

Дегенмен, бесіктің бала тәрбиесіндегі ыңғайлығын ысырып тастау мүмкін емес. Ерте заманда, бесікті көшіп – қонған халыққа түйеге артып жүру қолайлы болған, себебі ол иіп кептірілген ағаштан жасалған. Бұл құрылғының тағы бір артықшылығы ол ананың баланы қолына алмай – ақ емізу тиімділігі және баланың денесінің тазалығы мен ұйықтауына қолайлығы. Яғни, баланың нәжісі (зәрі) денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды. Ал бала денесі өсу үшін ұйқы аса қажет. Бала 40 күнге дейін 22-23 сағат, 6 айға дейін 20-21 сағат ұйқтайды.

Қазақтың дәстүрі бойынша бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдар жабылады. Тон, шапан жабу – ер жеткенде бала халыққа қадірлі болсын деген тілек; жүген, жабу – ат ұстайтын азамат болуын тілеу; кебенек, қамшы жабу – ел қорғайтын батыр болсын деген тілек.

Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке – шешесі ауыл аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты алдын ала жасатып, бесік тойына алып келетін болған. Егер нағашы жұрты алыста болып, бесік тойына келе алмаған жағдайында, бесікті үрім – бұтағы өскен бала шағалы аналардың бірі тойға тарту етеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/besik-lt-t-rbiesini-aynasy-861067](https://yvision.kz/kk/post/besik-lt-t-rbiesini-aynasy-861067)