---
title: "Берік отбасы-есірткіден алыс!"
description: "Отан-отбасынан басталады. Отбасы-шағын отан Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-..."
author: "Karimzhan.Nurmaganbet"
published: "2022-02-21T18:32:41+00:00"
modified: "2022-02-21T18:32:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/berik-otbasy-esirtkiden-alys-961795"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/berik-otbasy-esirtkiden-alys-961795/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Берік отбасы-есірткіден алыс!

> Отан-отбасынан басталады. Отбасы-шағын отан Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-...

Отан-отбасынан басталады. Отбасы-шағын отан Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана...

Біз, Аймановтар отбасы үлкенге құрмет-кішіге ізет көрсетіп отыратын , бір-бірімізге мейірімді отбасылардың біріміз. Ең бастысы бала бойына тәрбиені қалай сіңіру керек? Ата-ана балаларын рухани байытып, білімге сусындатып, есірткіден аулақ жүретіндей әрі жақсы болып өсуіне лайықты үлгі-өнеге беруі міндетті «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»деп текке айтылмаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден-ақыл, анадан-мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Ал балалары ата-анасы берген тәрбиеге, иманға, жалпы айтқанда, әке мен ананың беретін бар жақсылығын өтей алатын дәрежеде өсуі керек. Біздің жанұямызда әкеміз әрдайым дастархан басында отырғанда жаман әдеттен бойларында аулақ ұстап, спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстанануымыз керек деп айтып отырады.Менің отбасымның әрдайым есірткіге қарсы екендігін айтып, тек жақсы тағамдар жеп, денсаулыққа қараудың пайдасын жеткізеді. Жалпы есірткіге әуестік бірлігі жоқ отбасында қалыптасады. Егер олар бір-біріне назар аудармай, өз жұмысымен жүрсе, өз отбасысынан таппаған жылулықты бала өзгеден іздеп, жаман жолға түсетіні айдан аңық.

Қазіргі таңда балалар ғана емес ересектеріміздің өздері есірткіге әуес. Ал ересек адам сондай болса, кейінгі ұрпаққа қандай үлгі-өнеге болмақ? Қарап отырсақ, есірткіні сататындарда үлкендердің өзі. Кішкентай кезде балаға дұрыс тәлім-тәрбие берілсе ,жаман қылықтардан бойын аулақ ұстаса, жақсы азамат болып ер жетеді деп ойлаймын. Сол үшін бала тәрбиесіне аса зер салу қажет. Бұл болашағы жарқын ұрпақтың жақсы өмір сүруіне бастайтын жол. Біздің елеміздің болашағы білімді ұрпақ қолында. Елімізді көркейту үшін көп оқып,уақытты тиімді пайдаланып ,өзімізге ұнайтын істермен шұғылдануымыз керек. Егер ата-ана баласын қадағалап отырмаса қылмыстық әлемге өз-өздерін итермелейді.Өмірде неше түрлі адам бар, олардың барлығы бірдей жақсы болмағандықтан, баланы көзден таса қылған дұрыс деп санамаймын. Абай атамыз айытқандай «Бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол,адам болам десеңіз» дегендей әрбір жастардың болашағын дұрыс бағыттауы өз қолдарыңда.

Еліміздің рухани құндылығымызды сақтап, егемен Қазақстанымыздың болашағы үшін алаңдаймыз. Біз сіздерді нашақорлық пен алкогольді сусындардан аулақ болуға шақырамыз. Әрбір отбасы одан аулақ болып, өзгелерге де соны дәріптеп, ұғындыруы қажет.

Сөз соңында айтарым ұлтымыздың ауызбіршілігін жоғалтпайық! Келешек ұрпақтың қолында, барлығымыз бірігіп, есірткімен күресейік!

#есірткігеқарсы

#противнаркотиков

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, Аймановтар отбасы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/berik-otbasy-esirtkiden-alys-961795](https://yvision.kz/kk/post/berik-otbasy-esirtkiden-alys-961795)