---
title: "Бердібек Сапарбаев 2019 жылы қанша қазақстандықтың жалақысы арттырылатынын айтты"
description: "Бердібек Сапарбаев 2019 жылы қанша қазақстандықтың жалақысы арттырылатынын айттыҚазақстан Республика..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-06-24T04:53:07+00:00"
modified: "2019-06-24T04:53:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/berdibek-saparbaev-2019-zhyly-ansha-aza-standy-ty-zhala-ysy-arttyrylatynyn-aytty-835088"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/berdibek-saparbaev-2019-zhyly-ansha-aza-standy-ty-zhala-ysy-arttyrylatynyn-aytty-835088/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бердібек Сапарбаев 2019 жылы қанша қазақстандықтың жалақысы арттырылатынын айтты

> Бердібек Сапарбаев 2019 жылы қанша қазақстандықтың жалақысы арттырылатынын айттыҚазақстан Республика...

Бердібек Сапарбаев 2019 жылы қанша қазақстандықтың жалақысы арттырылатынын айтты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Тұңғыш Президенттің қазан айындағы Жолдауын жүзеге асыру үшін 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге – 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін арттырылғаны белгілі. Бұл шарамен 1,3 млн.адам қамтылды, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, Мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметші қамтылды.

«Біз ай сайын ең төменгі жалақыны есептеу мониторингін жүргіземіз. Мәселен, міндетті зейнетақы жарналарының түсімдерін талдау нәтижелері а.ж. сәуірде 92 мың қызметкер еңбек ақыны ЕТЖ мөлшерінен төмен алғанын көрсетті. Сондай-ақ еңбекақысы төмен қызметкерлер бойынша жалақының өсуіне мониторинг жүргіземіз. Қазіргі уақытта 203 мыңнан астам жұмыс беруші 1,1 млн. адамның еңбекақысын арттыру міндетін өз мойнына алды», - деді министр.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап бюджеттік саланың жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға дейін артты. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда жоғары жалақы алады.

Енді бір қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңгені құрайды (2019 жылдғы 1 маусымға дейін 99,6 мың теңгені құрады). 2019 жылға аталған арттыруға республикалық бюджеттен 144,3 млрд. теңге көзделген.

Бердибек Сапарбаев рассказал скольким казахстанцам повысят зарплату в 2019 году

О ходе реализации поручений Елбасы и Президента РК по повышению заработной платы низкооплачиваемым работникам рассказал министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев.

Как известно, в реализацию октябрьского Послания Первого Президента с начала 2019 года в 1,5 раза повышен размер минимальной заработной платы – с 28 до 42,5 тыс. тенге. Данной мерой было охвачено порядка 1,3 млн. человек, в том числе 275 тыс. гражданских служащих, работающих в сферах образования, здравоохранения, социального обслуживания, культуры и спорта.

«Мы ведем ежемесячный мониторинг начисления минимальной заработной платы. Так, результаты анализа поступлений обязательных пенсионных взносов показали, что в апреле т.г. 92 тыс. работников получали заработную плату ниже размера МЗП. Также проводим мониторинг повышения заработной платы по низкооплачиваемым работникам. В настоящее время более 203 тыс. работодателей взяли на себя обязательства повысить оплату труда 1,1 млн. человек», - сообщил министр.

Кроме того, с начала июня т.г. до 30% повышена заработная плата отдельных работников бюджетной сферы. Более 1 миллиона гражданских служащих, занятых в сферах здравоохранения, образования, социальной защиты, культуры, спорта, сельского хозяйства и других в этом месяце получат повышенную зарплату.

Теперь средняя заработная плата одного работника составит 114,5 тыс. тенге (до 1 июня 2019 года составляла 99,6 тыс. тенге). На 2019 год на данное повышение в республиканском бюджете предусмотрено 144,3 млрд. тенге.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/berdibek-saparbaev-2019-zhyly-ansha-aza-standy-ty-zhala-ysy-arttyrylatynyn-aytty-835088](https://yvision.kz/kk/post/berdibek-saparbaev-2019-zhyly-ansha-aza-standy-ty-zhala-ysy-arttyrylatynyn-aytty-835088)