---
title: "Бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды"
description: "Бүгін жоғары сапалы бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ-да өт..."
author: "minenergo"
published: "2017-10-26T03:05:29+00:00"
modified: "2017-10-26T03:05:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/benzin-shy-aratyn-pavlodar-m-nay-deu-zauyty-iske-osyldy-782923"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/benzin-shy-aratyn-pavlodar-m-nay-deu-zauyty-iske-osyldy-782923/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды

> Бүгін жоғары сапалы бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ-да өт...

Бүгін жоғары сапалы бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясынан соң журналистер сауалына жауап берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

> «Павлодарда бүгін мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Мен таңертең бас директорымен сөйлестім. Алғашқы мұнай өңдеу қондырғысы жұмысын бастады. Үш күн ішінде Павлодар МӨЗ-і толық режимде жұмыс істейді. Үш күннен соң жоғары сапалы отандық бензин беруі тиіс», - деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев. АИ-92 маркалы бензин жетіспеушілігінен елдегі зауыттар АИ-95 маркалы бензинді шығаруды тоқтатқан болатын. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша бұл жағдай қарашада дұрысталуы тиіс.

> «Импорт бойынша Қазақстанға кеше 64 мың тонна жанармай импортталса, зауыттарда 85 мың тонна жүктелді. Ай соңына дейін елімізге 100 мың тонна бензин жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Қарашада елімізде 270-280 мың тонна бензинді тұтыну болады деген ойдамыз. Оның белгілі бір бөлігін елдегі үш мұнай өңдеу зауыты есебінен жабамыз. Шымкент және Павлодар МӨЗ-дерінде артығымен жұмыс жүктелмек. Атыраудағы зауыт жұмысын төмендетеміз, себебі желтоқсанда каталитикалық крекинг қондырғысын енгізуі тиіс», - деді Қанат Бозымбаев. [http://baq.kz/kk/news/ukimet/benzin_shigaratin_pavlodar_munai_ondeu_zauiti_iske_kosildi20171026_140000](http://baq.kz/kk/news/ukimet/benzin_shigaratin_pavlodar_munai_ondeu_zauiti_iske_kosildi20171026_140000)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/benzin-shy-aratyn-pavlodar-m-nay-deu-zauyty-iske-osyldy-782923](https://yvision.kz/kk/post/benzin-shy-aratyn-pavlodar-m-nay-deu-zauyty-iske-osyldy-782923)