---
title: "Белсенді азаматтар партия қатарына қосылды"
description: "- 1 желтоқсан - бүкіл ел, бүкіл Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін ..."
author: "Vk16.amanat.kz"
published: "2020-11-30T10:46:19+00:00"
modified: "2020-11-30T10:52:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/belsendi-azamattar-partiya-ataryna-osyldy-882242"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/belsendi-azamattar-partiya-ataryna-osyldy-882242/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Белсенді азаматтар партия қатарына қосылды

> - 1 желтоқсан - бүкіл ел, бүкіл Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін ...

-

![Белсенді азаматтар партия қатарына қосылды](https://storage.yvision.kz/images/user/440777/253d8fcb24c2e3787fe563d3914e5e.jpg)

![Белсенді азаматтар партия қатарына қосылды](https://storage.yvision.kz/images/user/440777/97d0ab2866c23beeb4f8656bec231d.jpg)

1 желтоқсан - бүкіл ел, бүкіл Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтеді.Осы атаулы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Біздің бүгінгі іс-шарамыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылғаны кездейсоқтық емес. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы мен өркендеуіне баға жетпес үлес қосты. Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым десек артық айтқандық болмас,- деді "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков.

- Тұңғыш Президент күні қарсаңында партия билетін алдым. «Nur Otan» партиясының мүшесі болу қоғам алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді. Алдағы уақытта партия жұмысының ілгерлеуіне өз үлесімді қосатын боламын» - дейді Өскемен қаласы әкімдігінің "№8 орта мектебінің" ұстазы Чехно Жадыра Батырқанқызы.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 53 мыңға жуық партия мүшесі бар, бұл біздің облыстың әрбір 25-ші тұрғын партия мүшесі деген сөз..

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/belsendi-azamattar-partiya-ataryna-osyldy-882242](https://yvision.kz/kk/post/belsendi-azamattar-partiya-ataryna-osyldy-882242)