---
title: "Белгородта снаряд тиіп, опырылып түскен подъезд..."
description: "Белгородта үйінді астында қалып қаза тапқан адамдардың саны 13-ке жетті. Фото: © РИА Новости Бұрынырақ облыс губернаторы Вячеслав Гладков көпқабатты үйдің қираған подъезіндегі құтқару ісі түнімен жүргізілетінін айтқан еді. «Қаза тапқандардың тізімі..."
author: "orazali"
published: "2024-05-13T04:12:28+00:00"
modified: "2024-05-13T04:12:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/belgorodta-snaryad-tiip-opyrylyp-t-sken-podezd-yindisini-astynan-13-adamny-denesi-shy-aryldy-1004525"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/belgorodta-snaryad-tiip-opyrylyp-t-sken-podezd-yindisini-astynan-13-adamny-denesi-shy-aryldy-1004525/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Белгородта снаряд тиіп, опырылып түскен подъезд...

> Белгородта үйінді астында қалып қаза тапқан адамдардың саны 13-ке жетті. Фото: © РИА Новости Бұрынырақ облыс губернаторы Вячеслав Гладков көпқабатты үйдің қираған подъезіндегі құтқару ісі түнімен жүргізілетінін айтқан еді. «Қаза тапқандардың тізімі...

*Белгородта үйінді астында қалып қаза тапқан адамдардың саны 13-ке жетті.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/89d82e42d25d4ebf17e5b3afaa3fb0.jpg)

Фото: © РИА Новости

Бұрынырақ облыс губернаторы Вячеслав Гладков көпқабатты үйдің қираған подъезіндегі құтқару ісі түнімен жүргізілетінін айтқан еді.

«Қаза тапқандардың тізімі құтқару жұмыстары біткеннен кейін ғана жарияланады. Ал жұмыс толық атқарылып болғанша жүргізіле береді», – деді ол.

Белгород кеше жаппай атқыланған еді. Бұл шабуыл Украина тарапынан болды делініп жатыр.

Сол кездегі санрядтардың бірі көпқабатты тұрғын үйдің ортасына келіп тиген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/belgorodta-snaryad-tiip-opyrylyp-t-sken-podezd-yindisini-astynan-13-adamny-denesi-shy-aryldy-1004525](https://yvision.kz/kk/post/belgorodta-snaryad-tiip-opyrylyp-t-sken-podezd-yindisini-astynan-13-adamny-denesi-shy-aryldy-1004525)