---
title: "Белгілі футболшы бақилық болды"
description: "Белгілі ресейлік футболшы, мәскеулік «Спартак» сапында 6 мәрте Ресей чемпионы атанған Илья Цымбалар..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-29T23:23:46+00:00"
modified: "2013-12-29T23:23:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/belgili-futbolshy-ba-ily-boldy-393849"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/belgili-futbolshy-ba-ily-boldy-393849/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Белгілі футболшы бақилық болды

> Белгілі ресейлік футболшы, мәскеулік «Спартак» сапында 6 мәрте Ресей чемпионы атанған Илья Цымбалар...

[!\[Илья Цымбаларь\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/photo_35102-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/photo_35102.jpg)

Белгілі ресейлік футболшы, мәскеулік «Спартак» сапында 6 мәрте Ресей чемпионы атанған Илья Цымбаларь 45 жасқа қараған шағында жүрек ауруынан қайтыс болды.

Бұл туралы футбол агенті Роман Орещуктің твиттеріне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Түрлі жылдары И. Цымбаларь «Спартак», «Локомотив», «Анжи» клубтары сапында жасындай жарқылдады. Ресей құрамасы жейдесінде 28 ойын өткізіп, 4 доптың авторы атанды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/belgili-futbolshy-ba-ily-boldy-393849](https://yvision.kz/kk/post/belgili-futbolshy-ba-ily-boldy-393849)