---
title: "Бекет ата мешітіне сапар"
description: "Бекет ата мешітіне сапар 6 шілде, 2014 жыл Барлығына Атырау қаласынан «НЗМ Павлодар» оқушыларынан жа..."
author: "TAMAK"
published: "2014-07-06T13:43:51+00:00"
modified: "2014-07-07T03:08:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/beket-ata-meshitine-sapar-420437"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/beket-ata-meshitine-sapar-420437/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бекет ата мешітіне сапар

> Бекет ата мешітіне сапар 6 шілде, 2014 жыл Барлығына Атырау қаласынан «НЗМ Павлодар» оқушыларынан жа...

Бекет ата мешітіне сапар

6 шілде, 2014 жыл

Барлығына Атырау қаласынан «НЗМ Павлодар» оқушыларынан жалынды сәлем! Бүгін республикамыз үшін өте маңызды күн, бүгін ордамыз Астана қаласының күні. Біз де бұл күнді зая кетірген жоқпыз, киелі Рамазан айында қасиетті Бекет атаның Ақмешітке барып, аруақтарға бата бақыштауға барған болатынбыз. Алдымен Бекет ата жайлы кішкене мәлімет беріп кетейік.

![Бекет ата мешітіне сапар](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/24oXR6AyA9Zkh1Of9SSJJyaToe3u39.jpg)

> ***Мырзағылұлы Бекет** (Бекет ата) (1750**—1813**) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген.* *Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған**.*

Алыс жолдан келген кезде, Ислам ата(шырақшы) үйіне кіргізіп, ас-тұздан дәм тигізді. Көп ұзамай барлығымыз қол жаю үшін, Ақмешітке аттандық. Мешіттің ішінде барлығымыз аруақтарға құран бақыштап, ізгі ниеттерімізді білдірдік. Ал, Ислам ата бізге осы жердің қаншалықты киелі екенін өмірінен алынған мысалдарымен бізді таң қалдырды.

![Бекет ата мешітіне сапар](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/G5w4GSyXGkr2dSce9K6eg668s8xQmB.jpg)

![Бекет ата мешітіне сапар](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/p5Qn9AS6xYeSBQP7T1R99nYJg6F2j4.jpg)

![Бекет ата мешітіне сапар](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/gtv9cQK5v25iYjupsYzLM9SetzgM7w.jpg)

> *19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті. Қатты бор жынысынан қашалған, үш дөңгелек етіп бір-бірімен жалғаса иіліп жасалған төбесі бар бөлмеден тұрады. Мешітке кіретін жер тар, ұзынша, бірінші бөлменің төбесінде сәуле түсетін тесігі болған. Қабырғаларында қуыстар, оңтүстік-батысында, түпкі жақта михраб орналасқан. Мұндай жарлы-үңгірлі кешендерді Бекет Оғыландыда (өзі жерленген жерде) және Ескі Бейнеу маңында жасаған. Ембідегі екінші жер асты мешіт – Бекеттің шәкірті Құлшан жасатқан Ақмешіт – Құлшан мешіті. Ол жеке-жеке екі бөлмеден тұрады, оның біреуіне мешіттің негіздеушісі жерленген. Мазарат кішікерім 32 құлпытастан, 2 қойтастан, 2 күмбез кесенесінен және 1 сағантамнан құрылады. 13 құлпытас сәулетшiлiк - сәндiгiн және тарихи-этнографиялық мәндерін білдіреді.*

Назарларыңызға рахмет! Блогты дайындаған Маржан Султумбаева

P.S. Қосымшы мәлімет http://kk.wikipedia.org/ сайтынан алынған

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/beket-ata-meshitine-sapar-420437](https://yvision.kz/kk/post/beket-ata-meshitine-sapar-420437)