---
title: "Байден мен Зеленский Украинаны қорғауды көздейтін..."
description: "АҚШ және Украина президенттері Джо Байден мен Владимир Зеленский қауіпсіздік туралы екіжақты он жылдық келісімге қол қойды. Фото: president.gov.ua Келісім Украинаны қорғауды күшейтуге бағытталған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат..."
author: "orazali"
published: "2024-06-14T04:40:52+00:00"
modified: "2024-06-14T04:40:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bayden-men-zelenskiy-ukrainany-or-audy-k-zdeytin-kelisimge-ol-oydy-1005638"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bayden-men-zelenskiy-ukrainany-or-audy-k-zdeytin-kelisimge-ol-oydy-1005638/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Байден мен Зеленский Украинаны қорғауды көздейтін...

> АҚШ және Украина президенттері Джо Байден мен Владимир Зеленский қауіпсіздік туралы екіжақты он жылдық келісімге қол қойды. Фото: president.gov.ua Келісім Украинаны қорғауды күшейтуге бағытталған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат...

*АҚШ және Украина президенттері Джо Байден мен Владимир Зеленский қауіпсіздік туралы екіжақты он жылдық келісімге қол қойды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/2f84d862431d23818cb4e8f206a55b.jpg)

*Фото: president.gov.ua*

Келісім Украинаны қорғауды күшейтуге бағытталған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат Киевтің НАТО-ға мүше болу мүмкіндігіне салынған көпір болмақ.

Бұрынырақ Польша президенті Анджей Дуда Украинаны НАТО-ға қабылдаудың ресми рәсімін мүмкіндігінше тезірек бастау керектігін мәлімдеген еді. Оның ойынша, Киевті әскери блокқа ресми түрде шақыратын уақыт келді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bayden-men-zelenskiy-ukrainany-or-audy-k-zdeytin-kelisimge-ol-oydy-1005638](https://yvision.kz/kk/post/bayden-men-zelenskiy-ukrainany-or-audy-k-zdeytin-kelisimge-ol-oydy-1005638)