---
title: "Баянауылға саяхат."
description: "Биылғы жылдың қысқы мезгілі жақсы бір сапармен есте қалды. Биыл Павлодар облысына қысқы фототур жаса..."
author: "Mrojin"
published: "2017-05-03T12:39:36+00:00"
modified: "2017-05-03T12:39:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bayanauyl-a-sayahat-763053"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bayanauyl-a-sayahat-763053/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Баянауылға саяхат.

> Биылғы жылдың қысқы мезгілі жақсы бір сапармен есте қалды. Биыл Павлодар облысына қысқы фототур жаса...

Биылғы жылдың қысқы мезгілі жақсы бір сапармен есте қалды. Биыл Павлодар облысына қысқы фототур жасап қайттым. Ал сол сапардың ең қызықтсы Баянауылға соға кеткенім ерекше әсер қалдырды.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/1l27K6FhjsdAQZPpg3w4pi5os8oSg7.jpg)

Осы жерле келудің өзі бір ұлкен арман болатын. Бірақ қысқы мезгілде келгенім өзім үшін таң қаларлық жағдай болды, өйткені қақаған суықта, бораннан түк көрінбейтін жолмен біз Баянауылға тек үшінші мәрте жете алдық.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/4d3EY64R53txv3q15X32sZ4we5Og0x.jpg)

Жолдағы жағдайға қарағанда, Баянауылдың ауа райы тыныш болды.Әрине кейбір жолдан сонда да өтуге тырыссақ та, мүмкіндік болмады. Бірақ Жасыбай көліне жеттік әйтеуір.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/jRkhyXNl8Jle2VvcKi5LeO4n52frNi.jpg)

Жасыбай. Талай тарихтың куәсі - Жасыбай. Қалмақпен жауласқан заманда Шойында аталып жүрген көл, маңайында Жасыбай батыр мерт болғанда, оны Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар жерлегенде, "осы көл Жасыбай көлі атансын" деп ұйғарған көрінеді. Осындай қызықты мәлімет бар.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/4XUeVld7JsPkM8bULeDSC4NwPTnjqw.jpg)

Жалғыз қайын. Жолдың бойында тоқтағанымызда осы бір қайын көзіме ілінді.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/Z973wYRJ4zYxA9I2Vn8e1981tTZloC.jpg)

Кемпір тастың жанында осыпай жалғыз үй тұр. Жалпы осы жерге алғаш рет келдім. Қызық. айдалада жалғыз үй, мүмкін осындағы табиғатқа қарауыл болып жүрген адамның бір үйі шығар.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/2CMNCpdnZS449c3D4ANSSaPRfYjc9x.jpg)

Баянауылдың көшесінен байқап қалдым. Оқушы қыз.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/je740C10lcl5EUb43Ul0ph4YFvPoL1.jpg)

Бір үйір жылқы жайылып жүргенде, жанына өтіп бара жатып, көліктен түсіріп үлгердім.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/9wQVWN9ipHH3zL11MTe6xW2vl93VX6.jpg)

Кемпіртасқа апарар жол. Ескі уазбен сол жерге жылдам жетіп алдық

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/5dubxq4N70WQc9q5Axn55dihN9SZF3.jpg)

# Жүсіпбек Аймауытов ауылының тұрғыны Бақытжан Мұкашев - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бірақ саятшылыққа құмар жан. Жақында ғана өз бүркіті пайда болды.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/r8I0IDJlAXNKpm7yI176LK1sdQ87rq.jpg)

Бірәз жарыстарға да шығып үлгерді. "Бұл жаныма жақын іс, хобиім", - деді сұрағанымда.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/na2h2zdj3MVo6SbC8c05N84ouPo5Z2.jpg)

Бақытжан бүркітімен.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/8Hm5QPAu5Q4Zgboc8eFY44O6z1lPpS.jpg)

Осымен біздің Баянауылға сапарымыз аяқталды. Күн батқанда біз жолға аттандық.

![Баянауылға саяхат.](https://storage.yvision.kz/images/user/mrojin/5U1XW8Lmsglm79FD8g53MSIVTC3SoF.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bayanauyl-a-sayahat-763053](https://yvision.kz/kk/post/bayanauyl-a-sayahat-763053)