---
title: "Баян Мақсатқызының Төреғали Төреәліге өкпесі қара қазандай!"
description: "Аты шулы «Алло» өлеңін Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі бөлісе алмай жүрген көрінеді. «Ерке Есмаха..."
author: "inkut"
published: "2016-04-10T13:59:14+00:00"
modified: "2016-04-11T13:13:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bayan-ma-sat-yzyny-t-re-ali-t-re-lige-kpesi-ara-azanday-688453"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bayan-ma-sat-yzyny-t-re-ali-t-re-lige-kpesi-ara-azanday-688453/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Баян Мақсатқызының Төреғали Төреәліге өкпесі қара қазандай!

> Аты шулы «Алло» өлеңін Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі бөлісе алмай жүрген көрінеді. «Ерке Есмаха...

Аты шулы «Алло» өлеңін Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі бөлісе алмай жүрген көрінеді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/f55X1Aq7H0wgHG6pP9CLYeIwF5lv7L.jpg)

«Ерке Есмаханды осы уақытқа дейін ешкім танымады. Хитке айналаған «Алло» өлеңі оған атақ алып келді» деп Төреғалидың әкесі сұхбат берген екен. Сонымен қатар, жақында Республика бойынша өткен гастрольдік сапарларында Төреғали Еркеге бір тиын да төлемеген көрінеді! Масқара! Адамның еңбегін жеу деп осы кезде айтылса керек.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/S8OCtKLIlDOXWeqo4Nc3mwY6MRJIsO.jpg)

Өз кезегінде Баян Есентаева продюсер ретіндегі еңбегімді бағаламай отыр деп ренішін білдірді. «Алло» клипының идеясы менің ұсынысым болатын. Яғни, өлең ортақ деп ақталды. Ал Ерке Есмаханның сахнада жүргеніне 2 жылдан аса уақыт болғанын атап өтті. Яғни, қоc әншілер өз өнер жолдарын бір уақытта бастаған көрінеді. Баян Есентаева сыр болып қалған жаңалықты айтуына да тура келді. Жақында осы клиптің жалғасы ретінде КИНО түсірілетінін жариялады. Келісім бойынша, басты рөлде Төреғали және Ерке ойнайтын болады. Бірақ мұндай шудан кейін киноның түсірілуі екіталай. Өкінішіті...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/Td4Q7Nlh4HGofH1tUlB7xTbW8ly7bp.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bayan-ma-sat-yzyny-t-re-ali-t-re-lige-kpesi-ara-azanday-688453](https://yvision.kz/kk/post/bayan-ma-sat-yzyny-t-re-ali-t-re-lige-kpesi-ara-azanday-688453)