---
title: "Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)"
description: "Ертең, 2 маусымда, ғарыш айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады.Қала және..."
author: "kazinform_kz"
published: "2016-06-01T04:53:59+00:00"
modified: "2016-06-01T04:55:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bay-o-yr-ala-k-nin-merekeleuge-zirlenude-foto-695787"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bay-o-yr-ala-k-nin-merekeleuge-zirlenude-foto-695787/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)

> Ертең, 2 маусымда, ғарыш айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады.Қала және...

Ертең, 2 маусымда, ғарыш айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады.Қала және ғарыш айлағы күні - жергілікті тұрғындардың басты мерекелерінің бірі.

![Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/c53A6vmwom12QdPM4n5Xj539133u7p.jpg)

Дәстүрлі түрде мерекелік күн еске алу жиынынан басталады. 2 маусым таңертең Байқоңыр тұрғындары мен қонақтары С.П Королев ескерткішіне және қаза тапқан ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыштар мемориалына гүл шоқтарын қояды.

![Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/QkVr2p50jSPI2EG2cvQk56gI3ut6s9.jpg)

Қалалық әкімшілік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырдың 61 жылдығы қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Қалалықтар үшін өмір қиындығына тап болған кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерге арналған «Викинг» фитнес-клубы ашылды. Әлеуметтік пәтерлер кілті табыс етіледі.

![Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/Ngv3nX8W7J2voFGX0rb908r0Wu99L9.jpg)

Мереке құрметіне қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, арты мерекелік концертке ұласады. Салтанатты жиында «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағын беру рәсімі өтеді.

Қаланың Қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің шешімімен ұсынылған алты кандидатураның ішінен екі адам осы атаққа лайық деп танылды, деп атап өтті қалалық әкімшілік баспасөз қызметі.

Байқоңырдың туған күнін мерекелеу сенбі, 4 маусымда өтеді. Бұл күні қалалық мәдениет және демалыс сарайында Қала күні мен Балаларды қорғау күніне арналған мәдени-бұқаралық шаралар өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bay-o-yr-ala-k-nin-merekeleuge-zirlenude-foto-695787](https://yvision.kz/kk/post/bay-o-yr-ala-k-nin-merekeleuge-zirlenude-foto-695787)