---
title: "Бай баласы сөйлесін"
description: "Аузы қисық болса да Бай баласы сөйлесін Айзыңды жап, тұр тыңда, баспаңдар оның кеудесін Болашағы ба..."
author: "NurlanBekmurat"
published: "2017-01-19T08:58:26+00:00"
modified: "2017-01-19T08:58:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bay-balasy-s-ylesin-750538"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bay-balasy-s-ylesin-750538/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бай баласы сөйлесін

> Аузы қисық болса да Бай баласы сөйлесін Айзыңды жап, тұр тыңда, баспаңдар оның кеудесін Болашағы ба...

Аузы қисық болса да

Бай баласы сөйлесін

Айзыңды жап, тұр тыңда, баспаңдар оның кеудесін

Болашағы бар бала, ел билеуді үйренсін

 

Аяғы қисық болса да

Байдың қызы билесін

Қарсы келіп сөз айтсаң

Шашыңнан сені сүйресін.

 

Соттатамын айып сап

Айтпа ашық ойыңды

Тыныш жүріп онан да, дайындап қой қойыңды

Үйіңе мен келгенде, тамақты бергін тойымды.

 

Ол заман да, бұл заман

Дүние шіркін, бір жалған

Етектен біреу шалғанда

Алады біреу жағадан.

 

Шамаңа қарап тірлік қыл

Қарсы келмей бастыққа

Байқатпай ішкі сырыңды, тектен текке аптық па

Өтірік күліп мәз-майрам, жылап ал да жастыққа.

 

Ляппай, тақсыр, мүлайім

Күн кешеді мүттәйім

Шен таққанға мәз болып

Мың өледі күн сайын.

19.18.2017

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bay-balasy-s-ylesin-750538](https://yvision.kz/kk/post/bay-balasy-s-ylesin-750538)