---
title: "Байқаушылар мен сарапшылар"
description: "2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес конкур..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-10-29T01:08:38+00:00"
modified: "2016-10-29T01:08:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bay-aushylar-men-sarapshylar-722285"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bay-aushylar-men-sarapshylar-722285/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Байқаушылар мен сарапшылар

> 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес конкур...

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

9 айлық мониторинг бойынша конкурс отырыстарына сарапшылар мен байқаушылардың қатысу үлесі 100 % құрайды.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде қатысады.

2016 жылдың 24-28 қазан аралығында департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық ақы төлеу департаменті», «Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті», «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі», «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік органдарында әңгімелесулер өтті.

Сонымен қоса, әңгімелесу барысына байқаушылар мен сарапшылар ретінде БҚО төтенше жағдайлар бөлімшелері ардагерлер ұйымының ардагерлер кеңесінің, басқа мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bay-aushylar-men-sarapshylar-722285](https://yvision.kz/kk/post/bay-aushylar-men-sarapshylar-722285)