---
title: "Байқаушылар – мемлекеттік қызметке кіру үшін өткізілетін конкурстық іріктеудің ашықтылығының кепілі"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-08-04T01:07:45+00:00"
modified: "2017-08-04T01:09:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bay-aushylar-memlekettik-yzmetke-kiru-shin-tkiziletin-konkursty-irikteudi-ashy-tyly-yny-kepili-774794"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bay-aushylar-memlekettik-yzmetke-kiru-shin-tkiziletin-konkursty-irikteudi-ashy-tyly-yny-kepili-774794/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Байқаушылар – мемлекеттік қызметке кіру үшін өткізілетін конкурстық іріктеудің ашықтылығының кепілі

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен 2017 жылдың 2 тамызында «Байқаушылар – мемлекеттік қызметке кіру үшін өткізілетін конкурстық іріктеудің ашықтылығының кепілі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шараға үкіметтік емес ұйымдардың: «БҚО Чернобыль мүгедектері және ардагерлері» ҚБ, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» ҚҚ, «Әділет» ҚБ, «Азаматтық альянс» ҚҰ, «Жайық дауысы» ҚБ, Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігі, Орал қалалық Архангель-Михаил діни бірлестігі өкілдері және т.б. қатысты.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.С.Нұртазин ҚР Президентінің жарияланған реформалары еліміздің барлық орталарында кең көлемде талқыланып, жаңа кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құру бірінші реформада айқындалғанын ескере кетті. Бұл ретте реформаны жүзеге асыруда азаматтық қоғамның басты ролі көрсетіліп, мемлекеттік қызметке іріктеуде және өткеруде бақылаушылар институтының ролі туралы айтылды.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізудің қағидалары және мемлекеттік қызмет саласын бақылау бойынша Департамент қызметкерлері сөз сөйледі.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым тарапынан байқаушы ретінде қатысып жүрген «Мәңгі қазақ елі» ҚБ төрайымы Ж.Танабаева конкурстық процедуралардың өткізілуі бойынша сөз сөйледі.

Іс шараны қорытындылай келе қатысушылардан туындаған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bay-aushylar-memlekettik-yzmetke-kiru-shin-tkiziletin-konkursty-irikteudi-ashy-tyly-yny-kepili-774794](https://yvision.kz/kk/post/bay-aushylar-memlekettik-yzmetke-kiru-shin-tkiziletin-konkursty-irikteudi-ashy-tyly-yny-kepili-774794)