---
title: "Бауыржан Қарағызұлы «Ұлы даланың ұландары»"
description: "Қазақ поэзиясының танымал қаламгері Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.Бауыржан..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-08-15T05:00:17+00:00"
modified: "2022-08-15T05:00:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bauyrzhan-ara-yz-ly-ly-dalany-landary-973108"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bauyrzhan-ara-yz-ly-ly-dalany-landary-973108/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бауыржан Қарағызұлы «Ұлы даланың ұландары»

> Қазақ поэзиясының танымал қаламгері Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.Бауыржан...

Қазақ поэзиясының танымал қаламгері Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.Бауыржан Қарағызұлы – өз дауысымен, өзгеше қолтаңбасымен, ерекшеленетін талантты ақын. Көптеген әдеби байқаулардыңжеңімпазы.

Ақынның«Ұлы даланың ұландары» жинағы «2021 – балалар әдебиеті жылы» деген сериясымен шыққан. Кітап екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім балаларға арналған өлеңдер, екінші бөлім ересектерге арнап жазылған өмір жайлы ой-толғаныстар.

Сен ақылды баласың,

Ертең өсіп толасың.

Ел тарихын зерттеген,

Бәлкім, ғалым боласың.

Тарихына сыр тұнған,

Өнеге ал ұлтыңнан.

Біліміңе тамсанып,

Ел мақтасын сыртыңнан.

Кітапханаға келіңіздер, қаламгерлермен танысыңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bauyrzhan-ara-yz-ly-ly-dalany-landary-973108](https://yvision.kz/kk/post/bauyrzhan-ara-yz-ly-ly-dalany-landary-973108)