---
title: "«БАТЫС СУ АРНАСЫ» ЖШС-де семинар-кеңес өткізілді"
description: "2015 жылдың 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас же..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-28T08:14:49+00:00"
modified: "2015-09-28T08:14:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-su-arnasy-zhshs-de-seminar-ke-es-tkizildi-555727"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-su-arnasy-zhshs-de-seminar-ke-es-tkizildi-555727/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «БАТЫС СУ АРНАСЫ» ЖШС-де семинар-кеңес өткізілді

> 2015 жылдың 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас же...

![«БАТЫС СУ АРНАСЫ» ЖШС-де семинар-кеңес өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/5bjqNIKzeipi7s6doANu6e5j09DDLg.jpg)

**2015 жылдың 28 қыркүйек** күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілімен ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында «Батыс су арнасы» ЖШС-де семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңы мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті. Cондай-ақ, департамент басшыларының азаматтарды қабылдаулары мен сенім телефоны call-center 1494 жұмысы туралы ақпараттандырды. Сонымен бірге, мекеме ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында видеороликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-su-arnasy-zhshs-de-seminar-ke-es-tkizildi-555727](https://yvision.kz/kk/post/batys-su-arnasy-zhshs-de-seminar-ke-es-tkizildi-555727)