---
title: "Батысқазақстандық каратэші Грузияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды"
description: "Батысқазақстандық Дархан Темірәлиев Тбилиси қаласында 24-26 мамырда жастар арасында каратэ-додан ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-05-27T22:09:37+00:00"
modified: "2014-05-27T22:09:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-standy-karateshi-gruziyada-tken-haly-araly-turnirdi-zhe-impazy-atandy-415292"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-standy-karateshi-gruziyada-tken-haly-araly-turnirdi-zhe-impazy-atandy-415292/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батысқазақстандық каратэші Грузияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

> Батысқазақстандық Дархан Темірәлиев Тбилиси қаласында 24-26 мамырда жастар арасында каратэ-додан ...

[!\[Батысқазақстандық каратэші Грузияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140527160653-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140527160653.jpg)

Батысқазақстандық Дархан Темірәлиев Тбилиси қаласында 24-26 мамырда жастар арасында каратэ-додан өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Екатерина Литвякованың хабарлағанындай, аталмыш жарысқа әлемнің отыз елінен таңдаулы каратэшілер қатысқан. БҚО-дан Қазақстан құрамасы сапында Д.Темірәлиевпен бірге Данил Титов, Әлихан Ақжолов және Бекарыс Елемесов өнер көрсетті. Он төрт жасар Дархан 50 келі салмақта финалда франциялық қарсыласын ұтты. Оның бапкері — Ринат Мерғалиев. Тағы бір батысқазақстандық каратэші Данил Титов 76 келі салмақта күміс жүлдені иеленді. Данил — каратэ-до шотоканнан Қазақстан чемпионы, жастар арасында 2013 жылы Дубайда өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегері, сондай-ақ өткен жылы Испанияда өткен әлем чемпионатына қатысқан.

Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

Басты сөздер: [Батыс Қазақстан облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/259) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

ОРАЛ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-standy-karateshi-gruziyada-tken-haly-araly-turnirdi-zhe-impazy-atandy-415292](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-standy-karateshi-gruziyada-tken-haly-araly-turnirdi-zhe-impazy-atandy-415292)