---
title: "Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты"
description: "Батыс Қазақстан облысынжа жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапқан. Бұл..."
author: "orazali"
published: "2024-01-10T03:03:55+00:00"
modified: "2024-01-10T03:28:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-zhol-apatynan-5-adam-aza-tapty-999714"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-zhol-apatynan-5-adam-aza-tapty-999714/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

> Батыс Қазақстан облысынжа жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапқан. Бұл...

Батыс Қазақстан облысынжа жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады.

![Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/cb3eee60c4233cf071481caa93ffcd.jpg)

«9 қаңтарда сағат 17:17-да Жаңақала ауданындағы Жаңақала-Чапаев тас жолында, Ақбалшық және Пятимар елді мекендерінің арасында Toyota Estima Hyundai SantaFe-мен соғысты. Соның салдарынан бес адам қаза тапты. Марқұмдардың кімдер екені анықталып жатыр», – дейді БҚО ТЖД өкілдері.

ТЖД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, БҚО-да жыл басынан бергі 9 күнде жол-көлік оқиғасынан 9 адам қаза тапқан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-zhol-apatynan-5-adam-aza-tapty-999714](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-zhol-apatynan-5-adam-aza-tapty-999714)