---
title: "Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы"
description: "2017 жылдың 22 маусымда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-06-23T07:37:58+00:00"
modified: "2017-06-23T07:37:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-y-arnayy-monitoringtik-topty-kezekti-otyrysy-771118"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-y-arnayy-monitoringtik-topty-kezekti-otyrysy-771118/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы

> 2017 жылдың 22 маусымда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қ...

2017 жылдың 22 маусымда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қорытындысы бойынша қабылданған іс-шаралар, білім саласын қаржыландырудың ашықтылығы мен транспаренттілігі, жастарды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу, сонымен бірге мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық стандарттарының сәйкестігі қаралды.

Мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері баяндамалар жасады: атап айтсақ, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы, қалалық білім беру бөлімі басшылары, облыстық білім басқармасының және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-y-arnayy-monitoringtik-topty-kezekti-otyrysy-771118](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-y-arnayy-monitoringtik-topty-kezekti-otyrysy-771118)