---
title: "Батыс Қазақстан облысында «Туған жер» бағдарламасы аясында жобалар талқылануда"
description: "«Туған жер» шеңберінде қандай іс-шаралар жоспарланып отыр? Аудан тұрғындарының өз өлкесінің тарихына..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2017-07-06T23:47:04+00:00"
modified: "2017-07-06T23:47:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-tu-an-zher-ba-darlamasy-ayasynda-zhobalar-tal-ylanuda-772354"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-tu-an-zher-ba-darlamasy-ayasynda-zhobalar-tal-ylanuda-772354/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысында «Туған жер» бағдарламасы аясында жобалар талқылануда

> «Туған жер» шеңберінде қандай іс-шаралар жоспарланып отыр? Аудан тұрғындарының өз өлкесінің тарихына...

«Туған жер» шеңберінде қандай іс-шаралар жоспарланып отыр? Аудан тұрғындарының өз өлкесінің тарихына, мәдениетіне деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Батыс Қазақстан облысында баспа тарихы мұражайының ашылуы қаншалықты маңызды? Барлық осы мәселелер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында Алтай Кульгановтың қатысуымен өткен жиында талқыланды.

- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты өзінің бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің тарихи негізіне әсер ететін қоғамның рухани жаңару кезеңі басталғандығын баяндады. Өткен аптада Қазақстан Республикасының Президенті қатысуымен аталған мәселе турасында алғашқы отырыс өтті, сонымен қатар, бұл жиынға Батыс Қазақстан Облысы әкімі де қатысты. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шаралар жоспарланды, сабақталды. Осы бағдарламаның түсінігін өз деңгейінде жүргізу керектігін және сол мақсатта осы жиынның өткізіліп жатқандығын, тұрғындардың өз өлкесіне деген, оның тарихына деген қызығушылығын арттыру керектігін облыс басшысы Алтай мырза атап өтті. Сондай-ақ, облыстың дамуы әрбір тұрғынның қызығушылығымен, еңбекқорлығымен, Отанға деген сүйіспеншілігімен жүзеге асырылатын іс екені белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- демекші әрбір азамат өлке өміріндегі өз орнын саналы түрде сезініп, өз үлесін ортақ игі іске қосса, «алынбайтын қамал жоқ».

Өз сөзінде, облыстық ішкі саясат бөлімінің бастығы Бақытжан Нарымбетов бағдарламалық құжаттың жүзеге асыру үшін жоспар құрылғандығын айтты. 58 адамнан тұратын жобаның жұмыс тобы ұсынылды.

- Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - бағдарлама аясында 2017 жылдың мамыр-желтоқсан аралығында «Туған жер» проектін жүзеге асыру жоспары пысықталды, аудан тұжырымдамасы дайындалды. Осы тұжырымдамаға сәйкес, ай сайын кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнде 80-нен астам іс-шараны қамтитын желілік кесте жобаланған (олардың 3 – халықаралық деңгейде, 5 – республикалық, 47 – облыстық деңгейде болса, қалғандары қалалық және аудандық деңгейде өтеді деп жоспарлануда). Сонымен қатар, қысқа метражды фильмдер де түсірілетінін айтып өтті Б. Нарымбетов.

Ішкі саясат басқармасының бастығы Бақытжан Нарымбетов Е. Хасанғалиев атында «Атамекен» атты IX Халықаралық байқауын өткізуді, Ж. Досмұхамедов жерлеу орнына дейін және «Баста­уынан сағасына дейін» тарихи-мәдени экспедициясын Орынбор – Орал – Атырау қалалары бағдарымен жүріп өтуді ұсынды, және осы шараға ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Ресей делегаттарын шақыруды айтты.

Сонымен қатар, іс-шаралар тізіміне «Менің өлкем» атты облыстық экскурсия, «I LOVE URALSK» атты флеш-моб, «Еліме қызмет етемін» атты қызмет ететін аудандық жастар форумы және «Туған өлкем – тірегім» облыстық форумы және басқа да шаралар енгізілген. Бұл шараларды өткізу өте жауапты, әрі қажетті іс. «Туған жер» бағдарламасының негізгі мақсатын қамтитын бұл шаралар туған жердің қасиетін жұртшылыққа тағы бір баяндап өтпек. Сондай-ақ, өлкенің жас-кәрісін жинап, ұрпақтар сабақтастығына да бастау болмақ. Жастар арасында жоспарланып отырған бірқатар форумдар жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған. Ал елінің өткені мен бүгінін білетін, мәдениеті мен әдебиетін таныған, ата-баба дәстүрін дәріптеп, ұстанатын, өлкесінің үлкеніне сүйеніш, кішісіне үлгі, жол сілтер аға-апке бола алатын, Қазақстанның жарқын болашағына аянбай еңбек ететін жастар елдің ертеңі екені белгілі.

Б. Нарымбетов атап өткендей тарихшылар және облыстың қоғамдық ұйымдардың өкілдері ақпараттық-танымды интернет порталды іске қосуды ұсынды, бұл порталдан тарихи жерлер туралы, туристік сайттар, қорықтар туралы, сонымен қатар, Орал өлкесіне еңбегі сіңген қайраткерлері туралы ақпарат табуға болдаы.

Өз кезегінде «Қазақстан – Орал» телеарнасы «Ауылым – алтын бесігім» немесе «Туған жерге туыңды тік» атты телебағдарлама ұсынды.

Бұқаралық ақпарат құралы «Жайық Пресс» қазірдің өзінде бірнеше жобаларды жүзеге асыру үшін жұмыс өткізуде: бұл шаралар қатарында, құлпы тастарды зерттеу, тарихи ұлттық мұражайдың ашылуы, «Дешті қыпшақ даласы» видеожобасының жүзеге асырылу шаралары бар, «Дешті қыпшақ даласы» бағдарламасы аясында қасиетті аймақтар, тарихи тұлғалардың жерленген жерлері туралы қысқа метражды фильмдер түсіріледі.

Сонымен қатар, «Туған жерге сәлем!» атты жобаны іске қосу ұсынылды, бұл жоба бойынша, шет елдерде жұмыс істейтін немесе «Болашақ» бағдарламасы бойынша, басқа да бағдарламалар бойынша шет елде оқитын жастар туған елге видеосәлем жолдап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіре алатын болады.

Өз сөзінде, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Дәулеткерей Құсайынов «Қазақстан рухани қасиеті» бағдарламасын жүзеге асыру үшін негізгі тұжырымдамалық көзқарастары туралы әңгімелеп берді.

- «Қазақстан рухани қасиеті» бағдарламасының тұжырымдамасы өз отанымыздың тарихына арналған рухани-адамгершілік білім беру, сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастыруға негіделген. Тұжырымдаманың мақсаты - мәдени және тарихи мұраны бірыңғай рухани кеңістік, сақтау және дамыта қалыптастыру. Бағдарлама қоғамдық сана, «Рухани жаңғырту» бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттары Батыс Қазақстан облысының қасиетті мекендерінің картасын жасау, «қасиетті Қазақстан белдеуін» жобасы бойынша өңірді зерттеу және танымал етуге бағытталған жұмыстар жүргізу, халыққа насихаттау, ішкі туризмді дамытудың бағдарламасын даярлау, сонымен қатар, осы бағдарламаға қасиеттер мекендермен қажылық маршрут жобасын құру, «Жайық қалашығы» атты ашық аспан астында музей ашу жоспарын жүзеге асыру, «Бөкейорда» кешенінің статусын тарихи-музейден республикалық табиғи музей-қорық статусына ауыстыру болып табылады. Сонымен қатар, «Бөкейорда» кешенінің статусын ауыстырғаннан кейін бұл орталықты қазақстандық және халықаралық туристтік маршрутқа қосуға болады.

«Туған жер» сияқты игі бастаманың жер жерлерде жүзеге асырылу жоспарлары жасалып жатқаны белгілі. Халықтың рухани жаңғыруын, өткенін еске ала отырып, жарқын болашаққа бет алуын мақсат еткен бұл жоба өз деңгейінде орындалуы біздің мұрат. Өткенімізге қарап отырсақ, ежелгі замандардағы қазақтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихының әрбір кезеңі біздің асыл мұра.

Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марқасқа жырау, Бұқар жырау сияқты болашағын таңбай болжай білген, халықтың басындағы қайғы қасіретін, қиыншылығын, тұрмыс-тіршілігін жырлары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген ұлы тұлғалардың даналығы сан ұрпаққа сабақ болып, рухани азық болып, әлі де сан ұрпаққа қызмет етпек. Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманов сияқты халқы үшін жан қияр азаматтардың ерлігі ел есінде мәңгі болуы керек. Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды еліне бостандық алуға ұмтылған, қазақтың жеке автономиясы болуына, қазақтың тілі мен діні ұмытылмауы үшін еңбек еткен ұлы тұлғалар есімдері ел жадында үнемі болуы керек, өскелең ұрпақ оларды ұмытпауы абзал. Сан ғасыр бұрын өткен тарих пен кешегі тәуелсіздік жолында болған қақтығыстарды білу, саралау, сол оқиғалардың орасында болып, тікелей қатысқан тұлғалардың ерлігін үнемі еске сақтау мақсатымыз. Осындай тұлғалар біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің ірге тасын қалаған азаматтар. Тәуелсіз, қарқынды дамып жатқан, оқуға, бизнеске немесе басқа да салаларға бар мүмкіндік берілген елдің тұрғындары біздер үшін, осы тәуелсіздікті баянды ету, елімізді гүлдендіріп, дамыта беру біздің ата-баба алдындағы міндетіміз болар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-tu-an-zher-ba-darlamasy-ayasynda-zhobalar-tal-ylanuda-772354](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-tu-an-zher-ba-darlamasy-ayasynda-zhobalar-tal-ylanuda-772354)