---
title: "Батыс Қазақстан облысында оқытушылармен кездесулер жалғасуда"
description: "Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Батыс ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-25T00:38:34+00:00"
modified: "2016-05-25T00:38:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-o-ytushylarmen-kezdesuler-zhal-asuda-694791"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-o-ytushylarmen-kezdesuler-zhal-asuda-694791/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысында оқытушылармен кездесулер жалғасуда

> Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Батыс ...

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Орал гуманитарлық техникалық колледжінің оқытушы құрамымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллинмен бас маманы Е.Т.Төлепқалиев жиналғандардың алдында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысының негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері туралы баяндады.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға білім саласында қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлерін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізілді.

![Батыс Қазақстан облысында оқытушылармен кездесулер жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/uhB41X7A6erl85BeJwg9UYQlFx3821.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-o-ytushylarmen-kezdesuler-zhal-asuda-694791](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-o-ytushylarmen-kezdesuler-zhal-asuda-694791)