---
title: "Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік көліктерін қолдану фактілерін анықтау мақсатында рейдтік шаралар жүргізілді"
description: "2017 жылдың 10 маусымда Орал қаласының жолдарында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-06-16T01:01:21+00:00"
modified: "2017-06-16T01:01:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-memlekettik-organdardy-zh-mys-ua-ytynan-tys-ua-ytta-yzmettik-k-likterin-old-770225"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-memlekettik-organdardy-zh-mys-ua-ytynan-tys-ua-ytta-yzmettik-k-likterin-old-770225/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік көліктерін қолдану фактілерін анықтау мақсатында рейдтік шаралар жүргізілді

> 2017 жылдың 10 маусымда Орал қаласының жолдарында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл...

2017 жылдың 10 маусымда Орал қаласының жолдарында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті өкілдерінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы» БҚО филиалы және БҚО Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды.

Рейдтік шараның мақсаты - жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік көліктерді қолдану фактілерін анықтау болып табылады.

Рейдтік шара барысында облыс пен Орал қаласындаы мемлекеттік органдардың жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік көліктерін қолдану фактілері анықталды:
- Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына тиесілі Тойота Камри маркалы А/Қ, м/н 079 WK 07;
- Орал қаласы әкімі аппаратына тиесілі Тойота Камри маркалы А/Қ, м/н 011 WK 07;
- Казталов ауданы әкімі аппаратына тиесілі Киа Соренто маркалы А/Қ, м/н 706 АК 07.

Рейдтік шара барысында анықталған фактілер бойынша Департаменттен мемлекеттік органдарға тәртіптік шара қолдану мақсатында ұсыныстар жолданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-memlekettik-organdardy-zh-mys-ua-ytynan-tys-ua-ytta-yzmettik-k-likterin-old-770225](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-memlekettik-organdardy-zh-mys-ua-ytynan-tys-ua-ytta-yzmettik-k-likterin-old-770225)