---
title: "Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар – кеңес өткізілді"
description: "Батыс Қазақстан облысында 2014–2015 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиол..."
author: "KZPP"
published: "2015-02-04T05:37:20+00:00"
modified: "2015-02-04T05:37:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-mektepke-deyingi-bilim-beru-yymdaryny-basshylarymen-seminar-ke-es-tkizildi-467508"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-mektepke-deyingi-bilim-beru-yymdaryny-basshylarymen-seminar-ke-es-tkizildi-467508/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар – кеңес өткізілді

> Батыс Қазақстан облысында 2014–2015 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиол...

Батыс Қазақстан облысында 2014–2015 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

Семинар – кеңес облыстық және қалалық білім басқармалары өкілдерінің, облыстың 93 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен Орал қаласындағы №30 мектепке дейінгі ұйымның базасында өтті.

Семинарда республикадағы және облыстағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидахуал көрсетілді, ротавирусты инфекция пайда болғанда оның эпидемиологиясы, клиникасы, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі балалар ұйымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмін жүргізу мәселелері айтылды. Сондай-ақ балалар бақшаларында балаларды ыстық тамақтандыруды, оларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар мәселелері қаралды.

Семинар – кеңестің қорытындысы бойынша ротавирусты инфекция, ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық асқынуларды болдырмау, мектепке дейінгі ұйымдарда санитариялық – эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар дайындалды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kzpp/R1vFrtXKA8L7Pt4hvxvMBBVdwd319d.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-mektepke-deyingi-bilim-beru-yymdaryny-basshylarymen-seminar-ke-es-tkizildi-467508](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysynda-mektepke-deyingi-bilim-beru-yymdaryny-basshylarymen-seminar-ke-es-tkizildi-467508)