---
title: "Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен кездесу"
description: "Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясындасеминар-кеңесі өткізілді. ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-07-14T03:43:56+00:00"
modified: "2015-07-14T03:43:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-k-liktik-ba-ylau-inspekciyasyny-zhymymen-kezdesu-521549"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-k-liktik-ba-ylau-inspekciyasyny-zhymymen-kezdesu-521549/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен кездесу

> Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясындасеминар-кеңесі өткізілді. ...

![Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/zv8ZhL825Phx3EfZwbc3n1A1QCFuwV.jpg)

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясындасеминар**-**кеңесі өткізілді.

Семинар**-**кеңесте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, тәртіптік**-**әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.Мұратов, және талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау бөлімінің басшысы Д.Жақсығали және инспекция ұжымы барлығы 25 адам қатысты.

Өткізілген семинар**-**кеңесте ҚР қылмыстық Кодекстің новвелалары, департаментпен жүргізілген тексеріс қорытындысы және сыбайлас жемқорлықтың алдын**-**алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, семинар-кеңесбарысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Тәртіптік кеңесінің қызметі туралы ақпараттандырылды.

Семинар**-**кеңес қорытындысында қатысушылар мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық қағидатына және жария ақпаратқа еркін қолжетімділікке назар аударды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-k-liktik-ba-ylau-inspekciyasyny-zhymymen-kezdesu-521549](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-k-liktik-ba-ylau-inspekciyasyny-zhymymen-kezdesu-521549)