---
title: "Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті ұжымымен кездесу"
description: "2015 жылдың 29 маусым күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және ма..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-06-29T08:40:46+00:00"
modified: "2015-06-29T08:40:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-ekologiya-departamenti-zhymymen-kezdesu-517512"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-ekologiya-departamenti-zhymymen-kezdesu-517512/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті ұжымымен кездесу

> 2015 жылдың 29 маусым күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және ма...

![Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті ұжымымен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/38r3EokbezXn7jl8PTaxp05HgfhbxV.jpg)

**2015 жылдың 29 маусым күні** Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті қызметкерлерімен семинар кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің негізгі мақсаттары мен міндеттері және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қаралды. Сонымен қатар, семинар кеңесте қатысушыларға тақырыпқа сәйкес бейне роликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-ekologiya-departamenti-zhymymen-kezdesu-517512](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-ekologiya-departamenti-zhymymen-kezdesu-517512)