---
title: "Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы"
description: "2015 жылдың 2 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясын..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-12-06T22:36:10+00:00"
modified: "2015-12-07T01:58:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-baylanys-zh-ne-a-parattandyru-inspekciyasy-665989"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-baylanys-zh-ne-a-parattandyru-inspekciyasy-665989/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

> 2015 жылдың 2 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясын...

**2015 жылдың 2 желтоқсанында** Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясында «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің қызметкері Е.Төлепқалиев Стратегияның басты міндеттер мен мақсаттары және оның іске асуы туралы мәлімет беріп, облыс көлемінде анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық видеороликтер көрсетілді.

![Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Ntx0z6Vz4nbLRD8fU1l6eO5TgFa81D.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-baylanys-zh-ne-a-parattandyru-inspekciyasy-665989](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysy-boyynsha-baylanys-zh-ne-a-parattandyru-inspekciyasy-665989)