---
title: "Батыс Қазақстан облыстық мешітіндегі кездесу"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Бат..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-06-23T05:53:43+00:00"
modified: "2015-06-23T05:53:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysty-meshitindegi-kezdesu-515758"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysty-meshitindegi-kezdesu-515758/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыс Қазақстан облыстық мешітіндегі кездесу

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Бат...

![Батыс Қазақстан облыстық мешітіндегі кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/fdeQUGCYoQr7HLR5N6r0YA0WGdjJc9.jpg)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті артыруға бағытталған бірлескен шаралар жоспарына сәйкес, 2015 жылдың 20 маусым күні облыстық мешітте Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігі Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілеттілігі имамдарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш және Қазақстан мұсұлмандар діни басқармасы Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Р.Сұлтанов қатысты.

Кездесу барысында А.Жұбаныш қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін алдымен адами, рухани құндылықтарды ұстанып, оны күнделікті мешітке келушілер арасында шынайы дәстүрлі рухани құндылықтар мен жоғары моральды, мәдениет пен білімді заң талаптарын құрметтейтін патриотизмге тәрбиелеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу туралы айтты.

Сонымен қатар, кездесу барысында қоғамға жат құбылыс ішімдік ішу, нашақорлық және парақорлық мәселелеріне басты назар аударылды.

![Батыс Қазақстан облыстық мешітіндегі кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/G9joaBb10aZ4we623CxrFSVv4Cp3mA.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysty-meshitindegi-kezdesu-515758](https://yvision.kz/kk/post/batys-aza-stan-oblysty-meshitindegi-kezdesu-515758)