---
title: "«Батыс — 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды"
description: "Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшы..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-08-14T23:41:21+00:00"
modified: "2013-08-14T23:41:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-2013-o-u-zhatty-uyny-sheshushi-keze-i-aya-taldy-368921"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batys-2013-o-u-zhatty-uyny-sheshushi-keze-i-aya-taldy-368921/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Батыс — 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды

> Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшы...

**Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеевтің жетекшілігімен өткізілген «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды.**

**

![«Батыс — 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды](http://mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/150813/1.jpg)

**

 
 

Оқу-жаттығудың мазмұны бойынша Құрлық әскерлері Әуе қорғанысы күштерімен, Әскери-теңіз күштерімен және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекарадағы және Қазақстан Республикасының су бөлігі сызығындағы жағдайды қалпына келтірді.

 
 

Оқу-жаттығуда Құрлық әскерлерінің бөлімше командирлері мен басқару органдары қарсы шабуылды жүргізу барысында әскерлерді басқару және шартты қарсылас түсірген десанттың көзін жою іс-шаралары бойынша жақсы тәжірибе жинақтай алды. Қарулы Күштер түрлерінің, сондай-ақ өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың келісілген іс-қимылдары жаттығуды өткізудің шешуші сәті болды.

 
 

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының берген бағасы бойынша бөлімшелер алдарына қойылған жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындай алатындарын тәжірибе түрінде көрсете алды.

 
 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batys-2013-o-u-zhatty-uyny-sheshushi-keze-i-aya-taldy-368921](https://yvision.kz/kk/post/batys-2013-o-u-zhatty-uyny-sheshushi-keze-i-aya-taldy-368921)