---
title: "Батыл әрекет ету қажеттігі жайында бүгін тағы айтылды"
description: "Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда..."
author: "orazali"
published: "2024-02-07T05:20:36+00:00"
modified: "2024-02-07T05:20:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/batyl-reket-etu-azhettigi-zhayynda-b-gin-ta-y-aytyldy-1000791"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/batyl-reket-etu-azhettigi-zhayynda-b-gin-ta-y-aytyldy-1000791/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыл әрекет ету қажеттігі жайында бүгін тағы айтылды

> Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда...

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда Мемлекет басшысы былтыр атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңнің міндеттеріне тоқталу керектігін мәлімдеді.

![Батыл әрекет ету қажеттігі жайында бүгін тағы айтылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/036ab274b148828657cb3772c15fd1.jpg)

Президенттің айтуынша, өткен жылы еліміздің экономикасы 5,1 пайызға өскен.

"Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы Премьер-министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы негізгі мақсат 2029 жылға қарай экономиканың көлемін 450 миллиард долларға жеткізу екенін атап өтті. Нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет.

"Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз. Сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек", - деді Президент.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/batyl-reket-etu-azhettigi-zhayynda-b-gin-ta-y-aytyldy-1000791](https://yvision.kz/kk/post/batyl-reket-etu-azhettigi-zhayynda-b-gin-ta-y-aytyldy-1000791)