---
title: "«Bastau» мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына кезекті дәріс өткізілді"
description: "Заманауи мемлекеттік қызметші стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, парасаттылық, жедел..."
author: "aza1130230"
published: "2023-01-25T09:22:35+00:00"
modified: "2023-01-25T13:39:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bastau-memlekettik-yzmet-mektebini-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-tkizildi-982962"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bastau-memlekettik-yzmet-mektebini-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-tkizildi-982962/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Bastau» мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына кезекті дәріс өткізілді

> Заманауи мемлекеттік қызметші стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, парасаттылық, жедел...

Заманауи мемлекеттік қызметші стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, парасаттылық, жеделділік сияқты құзыреттерге ие болуы, яғни бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бүгін «Bastau» мемлекеттік қызмет мектебінің базасында психология магистрі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының оқытушысы Негметжанова Мариям Қадырқызы болашақ мемлекеттік қызметшілерге «Өз өзімізге жол ашу» тақырыбында қызықты әрі танымдық тренинг өткізді. Студенттер үшін бұл өз құзыреттерін дамыту үшін жаңа және қажетті білім. Мемлекеттік қызмет мектебі – жас мамандарға, жоғары оқу орындарының түлектеріне, өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жаңа ұрпақтың болашағы зор өкілдеріне арналған жоба.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bastau-memlekettik-yzmet-mektebini-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-tkizildi-982962](https://yvision.kz/kk/post/bastau-memlekettik-yzmet-mektebini-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-tkizildi-982962)