---
title: "Баспасөз-релиз"
description: "Баспасөз-релиз Мерекенің атауы: «Арбат» Жастар шығармашылық көрмесі шеңберінде, жас отбасылар арас..."
author: "CRMI"
published: "2015-08-14T03:11:36+00:00"
modified: "2015-08-14T03:11:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/baspas-z-reliz-529873"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/baspas-z-reliz-529873/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Баспасөз-релиз

> Баспасөз-релиз Мерекенің атауы: «Арбат» Жастар шығармашылық көрмесі шеңберінде, жас отбасылар арас...

**Баспасөз-релиз**

 

**Мерекенің атауы**: «Арбат» Жастар шығармашылық көрмесі шеңберінде, жас отбасылар арасында «Папа, мама, я – спортивная семья» спорттық конкурсы

**Өткізілу күні**: 2015 жылдың 16 тамызы

**Өткізілу орны**: Павлодар қ., Орталық жағалау (төменгі қабат)

**Өткізілу уақыты**: сағат 17:00-ден

 

**Қысқаша сипаттамасы**:

 

Отбасы – мұнда ең жақын әрі туған адамдар қиын сәтте қол ұшын тигізуге және өміріңнің қуанышты сәтінде бірге қуанатын әрбір адам өміріндегі маңызды түйін болып табылады. Отбасы – әр ойың және қимылың маңызды мәнге ие кішігірім әрі жайлы әлемің.

Мемлекетіміз еліміздің болашағы арқа сүйер жастарға көп көңіл бөледі, солайша жас отбасыларға үлкен көмек әрі қолдау көрсетеді. Мұндай бастаманы бастай отырып, 16-шы тамызда сағат 17:00-де Жастарға қызмет көрсету орталығында «Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ «Бес Асыл» қоғамдық қорымен бірлесіп жас отбасылар үшін «Папа, мама, я – спортивная семья» спорттық жарысын өткізеді.

Осындай ерекше әрі қызықты конкурсқа 6-8 жастағы балалары бар 29 жасқа дейінгі отбасылар қатысады. Жарыс бағдарламасында тек қана баланың емес, сондай-ақ ата-ананың да көңілінен шығатын неше түрлі эстафета жүргізілмек.

Мұндай жарыстарға қатысу және оларға дайындалу үлкен эмоционалдық әрі эстетикалық қанағаттандырылуға әкеледі, ол балалар мен үлкендердің естерінде жағымды көңіл күй қалдырмақ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/baspas-z-reliz-529873](https://yvision.kz/kk/post/baspas-z-reliz-529873)