---
title: "Баспасөз хабарламасы (Астана қ. 30 сәуір 2014 ж.)"
description: "2014 жылғы 22 мамырда VII Астана Экономикалық форумы және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференц..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2014-04-30T09:09:26+00:00"
modified: "2014-04-30T09:09:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/baspas-z-habarlamasy-astana-30-s-uir-2014-zh-411880"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/baspas-z-habarlamasy-astana-30-s-uir-2014-zh-411880/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Баспасөз хабарламасы (Астана қ. 30 сәуір 2014 ж.)

> 2014 жылғы 22 мамырда VII Астана Экономикалық форумы және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференц...

2014 жылғы 22 мамырда VII Астана Экономикалық форумы және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамашылығымен «Денсаулық сақтау және адам капиталын дамыту» тақырыбында панельдік сессия өтеді.

Сессия жұмысына медицина, химия салалары бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары, жақын және алыс шетелдің Денсаулық сақтау министрлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, Бүкіләлемдік банк, фармацевтикалық компаниялардың және басқа да мүдделі органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Панельдік сессияның мақсаттары: Қазақстан Республикасының тұрғындарына амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттырумәселелерін, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру мәселелерін шешуді кешеңді талқылау.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласы үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) дамуы және міндетті медициналық сақтандыру мәселелерін зерделеу сияқты басымды міндеттер белгіленген.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде сессияда амбулаториялық-емханалық көмекті жетілдіру, азаматтардың өз денсаулықтары үшін ортақ жауапкершілігі тетіктерін енгізу, МСАК деңгейінде ауруларды басқару бағдарламасы, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу перспективалары секілді маңызды мәселелер талқыланады.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру саласында озық тәжірибелерді пайдалану, науқастың қажеттілігіне бағытталған сапалы да тұрақты жүйені қамтамасыз ететін өзекті, шынайы ақпарат алудың автоматтандырылған тетіктерін әзірлеу жайы да қаралады.

Панельдік сессияға қатысушылар медициналық-санитариялық алғашқы көмектің оңтайлы үлгілері және оның қағидалары, ведомствоаралық ықпалдастық тетіктері, дәрігер мен науқас арасында өзара іс-әрекеттестіктің орнықты жүйесін әзірлеу, амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыруды жетілдіру бойынша тың бастамалар мен ұсыныстар айтылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/baspas-z-habarlamasy-astana-30-s-uir-2014-zh-411880](https://yvision.kz/kk/post/baspas-z-habarlamasy-astana-30-s-uir-2014-zh-411880)