---
title: "Бас прокуратура ата-аналарға ескерту жасады"
description: "Фото: egemen.kz"
author: "orazali"
published: "2024-06-26T12:52:03+00:00"
modified: "2024-06-26T12:52:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bas-prokuratura-ata-analar-a-eskertu-zhasady-1006011"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bas-prokuratura-ata-analar-a-eskertu-zhasady-1006011/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бас прокуратура ата-аналарға ескерту жасады

> Фото: egemen.kz

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/0bb1fe014b1620631e774515740fc110.jpg)

*Фото: egemen.kz*

Кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша заңды өкілдерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. А.ж. 5 айда 2 474 тұлға 14 646 711 теңге сомасына айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Осы норманы бұзғаны үшін 46-дан астам тұлғаға ескерту түрінде жаза тағайындалған. Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігі) 2 001 тұлғаға 30 274 003 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішті құрайды. Аймақ бойынша аталған санаттағы ең көп құқық бұзушылықтар: Шымкент қ. – 4 425, Түркістан – 4 122, Алматы – 4 036, Жамбыл – 3 865 Манғыстау – 3 549 облыстарында тіркелген.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bas-prokuratura-ata-analar-a-eskertu-zhasady-1006011](https://yvision.kz/kk/post/bas-prokuratura-ata-analar-a-eskertu-zhasady-1006011)